Қазақ эстрадасындағы тоқалдар жыры мен бәйбішелер мұңы

Дүйсенбі, 25 Сәуір , 2016 9:59

Соңғы кезде тоқал алу мәселесі жиі көтеріліп жүргені шындық. Халық екіге бөлініп, “алу керек” пен “алмау керектің” арасында қалған-ды. Бірі мұның төл тарихымызда бар екенін айтса, енді бірі заманауи қоғам үшін жат екенін тілге тиек еткен болатын. Ал қазақ эстрада жұлдыздарының тоқал алу мәселесіне қатысты пікірі қандай? Бұл туралы өнер адамдары “Ел аузында” бағдарламасында айтып берді.

photo_85248
Сурет: tengrinews.kz

 Қазақ эстардасындағы ер адамдарға қарағанда, әйел адамдардың тоқал алуға қатысты пікірі бір сарынды келеді. Мұны отбасы шырқының бұзылуымен байланыстыратын олар толықтай қарсы. Маржан Арапбаева өзгені сөгуге құқығымыз жоқ екенін айтса, Айған Жолдасова мен Мөлдір Қабатова түбегейлі қарсы екенін жеткізді.

“Досым Қалдыбек Құрманалиев “Сенің өзің бес қатынға татисың ғой” дейді. Содан жолдасым қайдан тоқал алсын, бір басында бес әйелі бар бақытты жан шығар”, – деп Жеңіс Ысқақова пікірін әзілмен жеткізді.

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова: “Маған еш уақытта тоқал аламын деп айтқан емес. Тіпті “Алдыма он алты жастағы он алты қызды тізіп қойса да, ешқандай әйел алмас едім” сынды сөздер естимін. Әдетте менімен бірге қартайып, о дүниеге алдымда кетсе, өзінің арманы жоқ екенін айтады”, – деп жолдасының өзін әлі күнге дейін шексіз жақсы көретінін жеткізді.

TXgzM00P8Jw

Кәмшат Жолдыбаева өзін бұл рөлде елестете алмайтындығын айтса, Жазира жігіттерден қыздардың жүрегін ауыртпауды өтінді.

Ақылбек Жеменейдің жұбайы Орынгүл Әбішева өнер адамының әйелі болу қиын екенін жасырмайды. “Әр нәрсенің жақсы, жаман жері болады ғой. Мен оңай деп те, қиын деп те айта алмаймын. Егер жақсы көріп сыйласаң, шыдауға болады. Ақылбек гастрөлдік сапарға жиі аттанады. Басында үйрене алмай жүретін едім, қазір балалы-шағалы жандармыз ғой”, – деп Орынгүл ханым тоқал алуға қатысты мәселені уақытты келгенде шешетіндігін жеткізді.

Ал Ұлықпан Жолдасовтың жары тоқал алуға толықтай қарсы. Мұның себебін өзінің тәрбиесімен байланыстырды. “Жұлдыздың жары болу айтарлықтай қиын деп айта алмаймын. Ұлықпан шығармашылығына көбірек көңіл бөлсін деген ниетпен үйдің бар шаруасын өзім тындырып отырамын. Мұның ауыртпашылығы бар болса да, нәтижесі де жоқ емес. Біз Кеңес кезінде тәрбиеленгендіктен, ондайды мүлдем түсіне бермейміз”, – дейді Айған Жолдасова.

Тоқал алуға қарсы жандардың бірі – Нұрлан Албан. “Менің жасым үлкен болған соң, жеңешеміз “Жаным-ау, сен қартайып бара жатырсың, саған тоқалды өзім алып беремін” деп айтады. Бір сүйген жарға жетерлік жан жоқ. Сондықтан үйдегі жеңешеміз екеуміз бірге қартайып, Алланың бұйырғанын жасап, шашымызға бірдей ақ кіріп, тісіміз сарғайып, бала-шағамыздың қызығын көріп жатсақ арман бар ма бізде?!” – дейді әнші.

080382e0439e9dec8ecf02f3337bb139

Қыдырәлі Болманов өз кезегінде мұның пайдалы тұстары бар екенін айтып, ғылым көзімен қарауға шақырды.

“Қарақат бір тоқал алып бергелі отыр. Осылай айтсам, Қазақстан жарылып кететін шығар. Ойнап айтып жатырмын. Жалпы ақылды дүние ретінде қарасаңыз, осыдан бәленбай жыл бұрын бір жігітке 7-9 қыздан келетін. Қазір бұл көрсеткіш өсті. Егер ұлтымызды сақтап, ұрпақ көбейту мәселесін ойласақ, әр қазақ 3-4 әйел алып, оны асырауы қажет”, – дейді продюсер.

Әнші Еркін Мәулен тоқал алу сөзін түсінбеген-ді. Ол бұл түсініктің санасына жат ұғым екенін айтады. Ал Жұбаныш Жексенұлы өзін тоқал алды дегендерге ренжісе, Алтынбек Қоразбаев қазақ эстрадасындағы тоқал алған ер-азаматтардың атын атап, түсін түстей алмайтындығын жеткізді.

“Оны жұбайым екеуіміз ғана шешеміз. Аламын ба, алмаймын ба өзім білемін. Бір еркек айдаладағы бір әйелге көңілдес болғаны үшін көлік алып беріп жатады. Ал әлгі әйел оған бала да туып бермейді. Яғни халық санын көбейтпейді. Бір сөзбен айтқанда, бір түндік жас қыздар көп біздің қоғамда”, – дейді Сәкен Майғазиев.

19fc64e97089085e4210266cdd4c2a33

Саят Медеуов тоқал алудың қазақтың тарихында болған дүние екенін тілге тиек етсе, Асхат Тарғын бұл мәселені уақыты келгенде шеше жататындығын айтып өтті. Осылайша пікір білдірген жұлдыздар қазақ эстрадасындағы тоқалы бар әріптестерін атымен атауды ұят көрді. Мұны өздері айтып, неке куәліктерін көрсетпесе, өзгенің отбасына араласып, халық алдында өздерін де, өзгені де ұятқа қалдыруды жөн көрмеді.

Естеріңізде болса, Роза Әлқожа жолдасына тоқал алып бергелі жатыр деп жұрт шулаған болатын. Алайда бұл алып-қашпа сөздердің нүктесін Айдын Қаба өзі қойып, айтқан сөздерін әзілге балаған-ды.


Оқи отырыңыз:

Тоқалдар өз таңдауының дұрыс немесе бұрыстығын қорытындылады

Роза Әлқожаның күйеуі тоқал алу “Мәселесіне” қатысты ойымен бөлісті

Роза Әлқожа күйеуіне тоқал алуға рұқсат берді

Ажырасқан келіншек тоқалдармен күресетін мектеп ашпақ

Журналист экс-тоқалдардың бүгіні туралы айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Тоқал алу деген отбасының берекесін қашыру ғой. Өтірік көлгірсіп сырт көзге бәрі тамаша болып көрінуден ешнарсе ұтпайды. Зардапты тартатын өздері. Ұрпаққа көрсететін дұрыс үлгі емес.

  • Белгисиз жан says:

    Кудайдын ози кеширсин бирак маган осы кайраттын мамасынын мактанганы дым унамайды осы сен неге солай мактанып сойлейсин деп осы ешким айтпайды ма екен оган

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар