Қазақ эстрадасында диета ұстайтын жұлдыздар кімдер?

Жұма, 4 Наурыз , 2016 14:41

Шоу-бизнестің заңы қатал екені рас. Ол отбасыңмен, достарыңмен өткізер көңілді кештерді құрбан еткізіп қана қоймай, үнемі сымбатыңа ерекше мән беруді талап етеді. Мұны әнші қыздар ғана емес, жігіттер де растайды. Өнер үшін жан пида дейтін жұлдыздар сахнаға сәні мен сымбаты келіскен болып шығу үшін қандай қадамдарға барады? Олар “Салмақханадағы” сияқты бірнеше килограммға арықтай ала ма?

новый коллаж

Шоу-бизнес өкілдері осы секілдің сұрақтардың жауабын “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасының тілшілеріне айтып берген екен.

Барған жерлерінде қадірлеп алдарына кең дастархан жайып, табақ – табақ ет тартатын өнер иелері артық салмақпен қалай күреседі? Қандай тағамдардан мүлдем бас тартқан?   Әнші Зарина Омарова жеті айдың ішінде бақандай 24 келі салмақ тастаған. Бала бағып бірнеше жыл бойы үйде отырған әнші 80 келіге дейін толысқан. Алайда, Зарина  армандаған дене бітіміне оңайшылықпен қол жеткізбепті.

Әнші толықтығының кесірінен ешқай жерден  шақырту ала алмаған. Жұлдыздар шоғырланған концертке шығып, тойда сұранысқа ие болу әнші үшін тіпті мұңға айналған.

Өнерсіз өмірін елестете алмайтынын түсінген Зарина бала-шағасын бір жаққа ысырып қойып, арықтаудың жолдарын іздейді. Сөйтіп, арнайы диетолог мамандардан кеңес алып, жаттығу залынан сағаттап шықпауды әдетке айналдырады.

Безымянный

Ал керісінше, әнші Аша Матай болса, бүгінгі дене бітіміне аса риза. Өзі тамаққа байланысты ешқандай шектеу қоймайтынын айтады.

ajkyn_tolepbergen

Сымбатына ерекше мән беретін жұлдыздардың қатарында Айқын Төлепберген де бар. Ол арнайы диета ұстап, жаттығу залына жиі барамын демесе де, қомағайлыққа салынбайтынын айтады.

u8ZytKt_d-g

Журналистердің отбасы туралы сұрағынан әбден мезі болған Ерлан Орынбасаров саханаға жарқырап шығу үшін жаттығуларын еселей түсуде. Аз уақыттың ішінде 10 кг салмақ тастаған. Қазір салмағы – 85 кг. Бұл туралы әншінің өзі “Негізі маған салмағым 80 кг боса жеткілікті. Біз енді әкемізге тартамыз ғой. Маған әртіс болған соң өзіңе қарайсың дегендей айтатын. Мақсат – әрдайым сымбатты болу”.

фувыы

Әншілердің барлығы дерлік өздерінің салмақтарын күнделікті өлшеп, үнемі тамақтан тәбеттерін тыйып жүреді. Әнші Әділ  Сламхан соңғы уақытта толып  кеткенін жасыру үшін үнемі қара немесе көк түсті костюмдерді жиі сатып алатын болған.

МузАРТ тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов семіздікке бейім әншілердің бірі. Мөлшерден тыс тамақ тұтынса болғаны, ең бірінші қарнына артық салмақ жинап алады. Сондықтан бүгінде арнайы диета ұстайды екен.

фывакеаа

Жаттықтырушы Ақбар Жармағанбетовы шоу-бизнес өкілдері өздері іздеп келеді екен. Бұл сымбатты жігіттің тәжірибелі маман екенін Баян Есентаева тілге тиек еткен-ді. Аталған жаттықтырушыға продюсер өзінің жақын құрбысы Мәдина Балғабаевамен бірге барып жүр. Бұдан өзге әнші Әйгерім Қалаубаева мен Ерке Есмахан да Жармағанбетовтың көмегіне жүгінген.

image

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Баян Есентаеваның бодибилдинг жарыстарына қатысып, медаль алғысы келетінін туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
31.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар