Қазақ эстрадасының жұлдыздары бет терісіне қалай күтім жасайды (фото)

Дүйсенбі, 28 Наурыз , 2016 10:49

Қазақстандық жұлдыздар сырт келбетінің мінсіз болып көрінуі үшін көп еңбектенеді. Бірі уақтылы косметолог маманға барса, енді бірі үй жағдайындағы маскаларды пайдаланады. Солардың ішінде ұлумен, сүлікпен емделетін әншілер де жоқ емес.

4e88ec

Басқа жұлдыздарға қарағанда, Алтынай Жорабаеваның әдісі ерекше. Ол бет терісін түрлі дақ пен безеуден тазарту үшін ұлуларды пайдаланады. Бірақ көп адам оның бұл әрекетін сынап, жиіркенішті көрінетінін айтқан болатын.

Әншінің өзі бұл туралы  “Фууу дегенді қояйықшы, қыздар! Керісінше жақсы дүние екеніне көзім жетті. Өткенде алғаш салғанымда, әркім неше түрлі сөз жазып кеткеннен соң алып тастадым. Ал, қазір нəтижесіне таң қалып отырмын” деген болатын. Әншінің дәл осы әдісті таңдауына өзі пайдаланатын кремдерінің құрамында ұлу шырышының болуы әсер етсе керек.

Луина(2)

Луина лазер көмегімен жасару жолын таңдайды. Әнші мұның мерекелік кештерден жиі бой көрсетіп, косметолог мамандарға көп бара беруге уақыты жоқ адамдарға таптырмас процедура екенін айтады. Piano режимі лазердің бет терісінің 7 мм тереңдігіне дейін еніп, әжімдерді жазуына көмектеседі. Оң нәтижесін бір процедурадан-ақ байқауға болады.

Санда(2)

Санда косметолог мамандарға көп бармайтын көрінеді. Алайда алғаш рет аталған маманға барған кезде, RF-лифтинг жасатқан. Бұл – бет терісін хирургиялық жолмен ретке келтірудің орнына жасалатын процедура. Ал “RF” сөзі радиотолқынды импульстер деген мағынаны білдіреді. Ол алдымен ақуыздың құрылымын өзгертіп, эпидермистегі майларды бірнеше бөлікке бөледі. Нәтижесінде әжімдер айтарлықтай азаяды.

74158-1-620x414

Алтынай Жорабаева секілді Жанар Айжанованың да әдісі ерекше. Ол түрлі аппараттың көмегіне жүгінбестен, бетін табиғи әдіспен тазартуды жөн көреді. Бұл мақсатта сүліктерді пайдаланады. Әнші сүліктердің оң нәтиже беріп, аталған әдісті 15 жыл бойы пайдаланып келе жатқанын айтты.

Дильназ

Ділназ Ахмадиева уақыт өте келе бет терісін сәндік косметикадан демалдырып, оның оттекпен жақсылап тыныстауына мүмкіндік береді. Аталған процедура кезінде оттек бет терісінің ең терең қабатына сіңеді. Нәтижесінде бет терісі жарқырап, әжімдер азаяды.

камшат1

Кәмшат Жолдыбаева қазақ эстрадасында даусымен, би билеуімен ғана емес, бет терісіне ерекше мән беретіндігімен көзге түседі. Әншінің бет терісі тым құрғақ болғандықтан, көбінесе ылғалдандыратын маскаларды пайдаланады екен.

Әнші косметолог мамандарға бармастан, бетке арналған маскаларды үй жағдайында әзірлейді. Мысалы, аталған масканы 1 шай қасық какао мен сол көлемде зәйтүн майын араластыру арқылы жасайды. Дайын болған қоспаны бетіне жағып, 20 минуттан соң сумен жуып тастайды.

камшаттт

Бұдан өзге әнші теріні ылғалдандырып, дақтарды ағартатын картоп маскасын пайдаланады. Оның құрамында С дәрумені көп болғандықтан, әжімдердің орнын толықтай жазады екен.

Аталған масканы әзірлеу жолы: Буға піскен картопты езіп, 1 ас қасығына сұйық май, жарты қасық бал мен жұмыртқаның сарысын қосасыз. Кейін бет пен мойын терісіне жағып, арада 15 минут өткен соң жуып тастайсыз.

Естеріңізге сала кетсек, британиялық әйелдің қызына ұқсау үшін 56 мың доллар жұмсағаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар