Қазақ ұлттық өнер консерваториясына жаңа ректор тағайындалды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық өнер консерваториясына жаңа ректор тағайындалды. Елбасының бұйрығымен, Арман Жүдебаев өнер ордасын басқаратын болады. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Мемлекет басшысының бұйрығымен Арман Әділханұлы Жүдебаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық өнер консерваториясының ректоры болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Арман Жүдебаев бұған дейін аталған оқу орнында сабақ берген. 2012 жылы аға оқытушы дәрежесін иеленген ол әр жылдары Түркия, Австрия, Германия мен Қытай сахналарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ол 2013 жылдан бері Құрманғазы атындағы ұлттық музыкалық аспаптар Қазақ мемлекеттік академиялық окестрінің бас дирижері.
Бұдан өзге, 31 жастағы жаңа ректордың отбасылы екені белгілі. Музыканттың жары мен бір баласы бар.
Айта кетейік, бұған дейін оқу орнын 21 жыл басқарған Жәния Әубәкірованың қызметтен қуылғанын хабарлаған едік.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті