Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілінің жаңа орфографиясында 19 негізгі ереже болады

Алматыда тіл мамандары қазақ тілін латын жазуымен жазудың жаңа ережелеріне жүргізген бірінші сынақтың нәтижелерін талқыланды. Сынақ кезінде алынған нәтижелер ережелерді одан әрі дамыту кезінде ескерілетін болады.

Қазақ тілінің жаңа орфографиясында 19 негізгі ереже болады

Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақ тілінің жаңа орфографиясында 19 негізгі ереже және 150-ге жуық параграф болады. Ғалымдар олардың әрқайсысында типтік сөздердің жазылуын, яғни қазақ тілінің ерекше үлгісін толықтай түсіндіріп өтеді.

«Тексеру барысында біз және ғалымдар үшін бірегей нәтижелер алынд. Бұл қазақ тілінде сөйлейтін қазіргі қазақстандықтардың сөздерді өздерінің ұлттық жазуында жазуды қалайтындарын көрсетті. Және олардың бұл ықыласы бізді шабыттандырды. Себебі реформаның өзі қандай да бір саяси тұрғыдан емес, тек лингвистикалық мақсат бойынша құрылған. Біз жаңа әліпбидің арқасында біздің тілімізді сақтап қалғымыз келеді. Сондай-ақ, бұл мақсатты біздің халық та толығымен қолдап отыр», – дейді сарапшы Анар Фазылжанова.


Тіл туралы 7 өлең

Талқылау