Қазақ тілінде еркін сөйлейтін орыс қызы: Баян Мақсатқызы қазақ қыздарына үлгі емес

Жан Ахмадиевің бағдарламасының қонағы, орыс қызы Анна Ульченко Баян Мақсатқызы қазақ қыздарына үлгі емес деген пікір айтты.

Рэпер Жан Ахмадиев “Неге солай” бағдарламасында қазақ тілінде еркін сөйлейтін орыс қызы Анна Ульченкомен сұхбаттасты.

Анна Ульченкомен қазақтың тілін, мәдениетін бағалайтынын айтты.

“Қазақстанда тұрып жатқандықтан қазақ тілін, мемлекеттік тілді білу керек. Өзгелер менің қазақша сөйлегеніме емес, көп қазақтың өз ана тілін білмегеніне ұялу керек”, – дейді ол.

Орыс қызы қазіргі Ninety One тобын мүлде тыңдамайтынын, олардың стилін құптамайтынын жеткізді. Сонымен қатар Баян Мақсатқызын қазақ қыздарына үлгі деп санамайтынын айтты.

“Өзім Баян Мақсатқызының жанкүйері емеспін. Анда-санда жазғанарын оқимын. Меніңше,  жастарға Баян Мақсатқызы секілді қазіргі актерлер немесе әншілер үлгі емес. Олар өздері жас, сөздері де басқа. Сондықтан лайық деп санамаймын. Ал, Мақпал Жүнісованы үлгі тұтуға болады”, – дейді Анна.

Тағы да оқыңыз:

Баян Алагөзова: Бұрынғының батырлары жерді қорғаған, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабайды

Осы уақытқа дейін үндемей келдім: Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесіне жауап қайтарды

Сәкен Майғазиев Кемеровода қайтыс болғандар жайлы жазып елді жылатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар