"Қазақ тілін үйретем": Оқушы Ресейде қазақ радиосын ашты
Ресейде Илья Гальцов есімді оқушы қазақ радио арнасын іске қосты.

Илья Гальцов Омбы қаласында қазақ радиосын ашты, деп хабарлайды Астана арнасына сілтеп Stan.kz.
Ондағы мақсаты елдегі этникалық қазақтарға тілі мен мәдениетін, әдет-ғұрпын насихаттамақ. Өзі жаз айында Қазақстандағы ата-әжесінің үйінде жүріп қазақ тіліне қызығушылығы оянғанын айтады. Осыдан соң қазақ радиосын ашуды ойластырған.
Алдағы уақытта қазақ радиосы арқылы қазақ тілін үйрететін курс жүргізуді жоспарлап отыр. Бүгінде радионы 300 адам тыңдайды. Енді Илья тыңдарман ауқымы кеңейтіп, арнаны Ресей жеріне таратуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта грант байқауына қатысуда.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"