Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақ мессиі” атанған футболшы Еркебұлан Германияда ота жасатпақ

Еркебұлан Сейдахметов Қазақстан құрамасымен дайындық кезінде жарақат алып қалды. Енді ол Германияға барып ота жасатпақ.

Еркебұлан Сейдахметов

Бұл туралы футолшының бапкері Станимир Стойлов айтты, деп жазды Vesti.kz

“Кеше Еркебұлан жарақат алды. Оған өкінішке қарай 3 ай емделу керек болады. Ота жасайды. Оның өкшесі жарақаттанды. Жас футболшыларда ондай болады. Егер бәрі жақсы болса, ол ертең ота жасату үшін Германияға аттанады”, – дейді бапкері.

18 жастағы жас футболшы Еркебұлан Сейдахметов “Уфамен” ұзақ мерзімді келісім шартқа отырған еді. Жарақатына байланысты чемпионаттың бастапқы кезеңдерін өткізіп алды. 26 тамызда алаңға қайта шықты. Алайда командасы 0:5 есебімен жеңілген еді.

16 қазанда Еркебұлан Қазақстан құрамасы сапында ойнап, алғашқы голды соқты. Қазақстан құрамасы Андорраны 4:0 есебімен жеңген еді.

Сейдахметовті алматылық “Қайрат” командасына шақыруы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Келісім шарт сомасы млн евроға тең.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау