Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызына ғашық болып қалған америкалық жігіт Алматыға көшіп келген (видео)

Отандық режиссер Қанат Бейсекеев туған жері Атлантаны тастап, Қазақстанға көшіп келген америкалық Крис Беннетт туралы фильм түсіріпті.

65656565

Фильм режиссердің YouTube каналында жарияланған.

Кристің айтуынша, оның Қазақстанға көшіп кеткені үшін америкалық достары оны жынды деп те атапты. Алайда ол қазақстандық қызға ғашық болып қалғандықтан, басқаша шешім қабылдай алмаған.

“Мен Үндістанда жұмыс істеп жүрген кезімде Раушанмен таныстым. Біз екеуміз біраз уақыт тілмаш арқылы сөйлестік. Өйткені, ол ағылшынша нашар білді. Америкаға келген соң скайп арқылы сөйлестік. Бірақ, ақырында мен онымен бірге болу үшін Қазақстанға келуді дұрыс деп таптым”, – дейді Крис.

Олардың некелескеніне биыл жетінші жыл. Қазір олар Алматыдағы “Айнабұлақ” ықшам ауданында тұрып жатыр.

“Мен христианмын. Алматы еркін қала екен, маған ұнайды. Қазір Элианна деген қызымыз бар. АҚШ-қа қайта оралғым келмейді, Алматыда қызым өсіп келе жатыр, оның осы жақта өсіп, мектепке барғанын қалаймын”, – дейді ол.

Қазіргі кезде Крис пен Раушан кофе бизнесімен айналысып жатыр. Екі кофеханалары жұмыс істеп тұр. Осылайша қазақ қызына үйленген америкалық жігіт, Алматыға келіп кофе бизнесіне білек сыбана кіріскен.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда 41 жастаға ер азамат 6 жасар баламен ерегесіп, оны жерге алып ұрған

Балқаштағы әуе апатынан аман қалған жолаушы оқиға туралы айтып берді

Ақтауда 11 жасар оқушы қыз баланы педофилден құтқарып қалды

Бас мүфти: Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу міндет емес

Талқылау