Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Моңғолияда келіндер бәйгесіне қатысып жатыр

Қазақстандық бойжеткен Моңғолияда “Манай бэр” (“Біздің келін”) жобасына қатысып жатыр. Қазақ қызынан бөлек, аталған сайыста америкалық, жапон және бурятиялық қыз бағын сынауда.

Шетелдік төрт ару 200 қыздың ішінен іріктеліп алынған. Бұл туралы asiarussia.ru-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Айта кететін жайт, қатысушылардың бәрі моңғол азаматына тұрмысқа шыққан. Моңғолияның ұлттық телеарнасы 5 күн бойы, атап айтқанда 20-24 қаңтар аралығында қатысушылардың үйі мен жұмысында қонақта болып қайтты.

Реалити-шоудың мақсаты – шетелдік қыздардың моңғол дәстүрлерін, мәдениетін қаншалықты меңгергенін тексеру.

Алғашқы бөлім нәтижесі бойынша қазақ қызы Тұрсын Сатқанова үздік деп танылған. Алайда бұл таңғалатын жайт емес, дейді көрермендер. Себебі бойжеткен Моңғолияға осыдан 22 жыл бұрын көшіп келген. Хубсугул аймағында моңғол күйеуімен және 5 баласымен бірге тұратын америкалық қыз да моңғол тілін жетік білетін болып шықты. Ол бір кездері күйеуі Ганбат сезімін білдіргенде ыңғайсызданғанын, себебі оны дос ретінде қабылдағанын атап өтті.

Ал жпон балеринасы Мина Тамура тілді бәрінен де тез жаттап алған. Баянхонгор аймағының атынан қатысып жатқан бойжеткен небәрі 2 жылда күйеуінің тілін жақсы меңгерген.

 

Талқылау