Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы 15 жасынан бастап өгей әкесінен қорлық көріп келгенін айтты

Айсұлу есімді қазақ қызы өгей әкесінен қорлық көріп өскенін айтты. Айтуынша, анасы да күйеуінің зорлығына шыдап келген.

Бұл туралы “Әйел сыры” бағдарламасында айтылды.

“Әкем ішімдік ішкен соң анам ажырасып кетті. Кейін екінші рет тұрмыс құрды. Өгей әкем де ажырасқан адам болатын. Ол да арақ ішетін. Анамды да, мені де таяқтың астына алып, ұрып-соқты. Анам маған араша түссе, өзін сабап тастайтын. Сол кісінің үйінде  тұрғандықтан кете алмадық”, – дейді Айсұлу.

Бойжеткен өткен шағын еске алып жылады. Ер адам атаулының бәріне сенімсіздікпен қарайтынын, ешкіммен араласа алмайтынын айтты.

“Өгей әкем мені ұрып-соғып, қараңғы бөлмеге қамап қоятын. Жақсы киім киіп, жақсы тамақ та ішкен емеспіз. Кейін оқуға кеткен соң, одан құтылдым. Бірақ анам әлі де күйеуінің қорлығына шыдап келеді”, – дейді ол.

Айсұлу өгей әкесінен туған бауырларының барын айтты. Жасы небәрі 20-ға толған бойжеткеннің қорлықпен өткен бала күні көпшіліктің жанын ауыртты.

Бойжеткен ел алдына жүзін жасырып көзілдірік тағып, басына жасанды шаш киіп шықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Тамыз, 2018 13:42
Талқылау