Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ әйелі о дүниеге барып, не көргенін айтып берді

Гүлнәр есімді әйел о дүниеге барып қайтқанын айтты. Айтуынша, ол клиникалық өлімді бастан кешкен.

Бұл туралы “Өз ойым” бағдарламасында айтылды.

Гүлнәрдің айтуынша, ол ақ киінген сақалды адамдардың ортасын түскен. Алайда, оған дауыс естіліп, кейін қайтуын сұрапты.

“Сен әлі дайын емессің деді. Қызың қайғырып, күйеуің жылап отыр деді. Олардың бейнесін көз алдыма келтірді. Бірақ мен ол жерден қайтқым келген жоқ. Адамға сондай жағымды болды”, – дейді Гүлнәр.

Ол бала күнінен ертенгі күні не болары аузына түсіп, айтып жүргенін жеткізді.

“Бала кезімде мүгедек қария көрші тұратын. Жақсы адам еді. Бір күні анама сол кісінің ертесі көз жұматынын айттым. Анам мені ұрып-соқты. Жамандық шақырдың дей ойлайтын. Сол кісі шынында да ертесі қайтыс болды”, – дейді ол.

Бойын тылсым күш билеген әйел бағдарламадағы арбаға таңылған мүгедек жігіттің орнынан тұратынын айтты.

“Сен орныңнан тұратыныңды өзің де білесің ғой. Сен батыр екеніңді өзің де білесің. Ол аяққа тұрып кетеді”, – деді ол Виталий есімді жігітке.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау