Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл қаласының тұрғыны сотталып жатыр
Еліміздің солтүстігінде “Қазақстанның қалалары мен көше атауларын қазақшаға өзгертетін болса референдум өткіземіз” деп бастама көтерген азамат сотталып жатыр. Қазақ атауларына қарсы шыққан 37 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны. Ұлтаралық және дінаралық араздық тудыртып, сепаратистік бастамалар көтергені үшін енді ол заң алдында жауап беретін болады.

Фото: rus.azattyq.org
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Сотта айтылғандай 37 жастағы Игорь Чуприна 2014 және 2015 жылдары өзінің “Bконтакте” әлеуметтік парақшасында халық арасындағы алауыздықты тудыратын жазбаларды үнемі үздіксіз жариялап отырған. Әсіресе, Петропавлдағы ауылдар мен көше атауларының қазақ тіліне өзгеруіне қарсы болып, “Вконтакте” парақшасында өзіне жақтастар іздеген.
Аталмыш жазбалар көптеген желі қолданушыларының наразылығын тудырған.
«Менің «Ояныңдар, референдум» дегені қатты жаныма батты. Мен бұны өзіме ұлттық қауіп ретінде қабылдадым», – дейді куәгер Данияр Әбжикеев.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі