Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақ аруы” байқауына алғаш рет орыс қызы қатысады

Баян Есентаеваның ұйытқы болуымен биыл жетінші рет “Қазақ аруы” байқауы өтеді. Бұл жолғы байқау тың жаңалықтарға толы болмақ, деп хабарлайды Stan.kz.

виктория петрова

Алғаш рет қазақы нақышағы сұлулық байқауына орыс қызы қатысады. Бұл туралы продюсер Баян Мақсатқызы хабарлады.

Сондай-ақ, ол қатысушылардың ресми фототүсірілімі болғанын айтты.

Павлодарлық Виктория Петрова қазақ тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін жетік меңгерген. Ол осынысымен-ақ жобаның бас продюсері Баян Есентаева мен өзге де қазылар алқасын тәнті еткен.

Айта кетейік, “Қазақ аруы” байқауының басты ерекшелігі – қатысушылар бірінші кезекте қазақ тілін, мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін жақсы білуі тиіс. Бұдан бөлек, байқауға тек бойшаң, сымбатты әрі талантты қыздар ғана қатыса алады.

Жіберіп алмаңыз:

“Қазақ аруы” телехикаясы туралы бейнебаян жарыққа шықты (видео)

Жанар Дұғалова Майами қаласында саяхаттап жүр (видео)

Отқа күйіп қалған Кәмшат Жолдыбаева елді дүрліктірді (фото)

Баян Есентаева Instagram парақшасын жүргізетін адам іздеп жүр

Талқылау