Қазақстанда қандай ислами есімдер танымал?
Қазақ халқында әртүрлі ұлттың есімдері кездеседі. Әсіресе, соңғы кезде ислами есімдер жиі қойылатын болды. Осыдан исламның ұлтымызға ертеден жеткенін, тамырымызбен біте қайнасқанын байқаймыз.
Құрандағы 25 пайғамбардың есімі халық арасында кең тараған. Осыдан еліміздің пайғамбардың ұлылығына шек келтірмейтінін байқауға болады. Бұл дәйекті Мұхаммед, Дәуіт, Мұса, Иса, Ибраһим, Жақып, Жүсіп, Ыдырыс қатарлы есімдердің көп қойылуынан байқаймыз.
Қазақ арасында жиі қойылатын Ажар, Сара деген есім Ибраһимнің құдай қосқан жары болған әйелдері екендігі белігілі. Бұл есімдерде қыздарға көп қойылады. Ибраһимнің ұлдары Ысмайыл мен Ысқақ та қазақ арасына кең тараған есімдердің қатарында. Ұлтымызда кең тараған Жүсіп сөзі арабша пайғамбар деген мағынаға ие. Ұлтыздың ұлы тұлғалары Жүсіп Баласағұн, Мәшһүр Жүсіп, Иманжүсіп, Жүсіпбек Аймауытовтардың есімдері де пайғамбардың құрметіне қойылған деп білеуге болады.
Мұхтар құрметті, таңдаулы және сыйлы дегенді білдіреді. Тарихымыздағы Мұхтарлар атына заты сай болды десек, қателеспейміз. Сұлтанмахмұттың әйгілі кейіпкері Қамар сұлудың есімі аударғанда ай деген мағынаны білдіреді. Исырайыл, Мекайыл – періштелердің аты. Абдолланың және Абдірахман – Алла Тағаланың құлы деген мағына береді. Исламдағы қасиетті күн жұма сөзінен басталатын Жұмабай, Жұмахан, Жұмабек, Жұмақұл, Жұматай қатарлы аттар өте көп кездесіп жатады. Бұл жұма күніне деген құрметті блдірсе керек.
Кәусәр есімінің «Кәусар» сүресіне тікелей қатысы бар. Аудармасында «тұнық», «мөлдір» деген мағынаны білдіреді. Мәдина қаласының құрметіне қойылған есімдер де көп. Қазақта көп кездесетін Зәуреш – нұрлы, Қадыр – қадірлі, Сабыр – сабырлы, Әрсен – батыл деген мағынаға ие.
Мұнымен қатар, қазақ халқы Алла Елшісінің жары Қадиша анамыздың, Айша анамыздың, қыздары Фатиманың, Зейнептің, ұлы Қасымның есімдерін балаларына әдейі жақсы ырыммен берген. Қазір Иман, Ислам, Илхам, Махмұт қатарлы есімдер көп таңдалады.
Дәулет қажы Қабидолдин
muftyat.kz