Қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтқан бүлдіршін қыз жұртты сүйсінтті (видео)

Дүйсенбі, 4 Қыркүйек , 2017 14:00

Қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа білетін бүлдіршін қыз елді сүйсінтті.

906512

Желіде тараған видеода әкесі қызынан “Қай ақындарды білесің? деп сұрайды. Оған кішкентай қызы “Қазақтың ақындарын білем” деп жауап берді. Бүлдіршін бөгелместен Мағжан Жұмабаев, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев,  Қасым Аманжоловты білем деп саусағымен тізіп санап берді. Мағжан Жұмабаевтың өлеңін оқып берші деп өтінді әкесі.

Қызы:

“Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін”, – деп ақынның “Мен жастарға сенемін” атты өлеңінен үзінді оқып берді.

Қыздың қылығы мен дарынына ел сүйсініп жатыр.

“Міне тамаша, саналы ата-ана баланы осылай тəрбиелесе, қазақтың ұрпағы тілін, дінін, елін, Отанын, ата-анасын сүйіп өсетін тəрбиелі азамат боп өсері сөзсіз. АЛЛА тіл көзден сақтасын!”, “Жарайсын, тіл көзден сақтасын”, “Қазақы тәрбиеде өскен бала ел болашағы болады деп сенемін!”, – деп жазады желі қолданушылары.

Кішкентай балапан

Публикация от 🇰🇿Жұлдызды Инстаграм☝[Жазыл]☝ (@toi_eli)

Тағы да оқыңыз:

Алматы мен Қызылорда тұрғыны қыздарды Түркияға жезөкшелікпен айналысуға апармақ болған

Қазақстан мектептеріндегі сабақтар 40 минуттан оқытылатын болды

Тұрмыста таршылық көрген шымкенттік ару бүйрегін сатпақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар