Қайырымды жастар науқас баланы сүйікті әншісі Тиматимен кездестірді
“Клуб добряков Астаны” тобының жазылушылары Тимати мен балалар үйіндегі науқас баланың кездесуін ұйымдастырды.
Бұл туралы Клуб добряков Астаны тобының Инстаграмдағы парақшасында жарияланды.
Бұған дейін топта Қарағандыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Олег Құсманбеттің онкологиялық дерттен емделуге келетіні жхабарланған.
“Оны пойыздан күтіп алып Ана мен бала орталығына жеткізіп салатын адам бар ма?”, – деп жазған еді топтағылар.
Жақында науқас балаға Тиматидің концертіне билет берілгені белгілі болды.
“Маған Тиматиден концерт барысында сахнада тұрып Олегке тілек айтып, сауығуын тілеуін сұрайык деген ой келген еді. Енді мұным ойлағанымнан да жақсы өтіпті. Олег кумирімен бетпе бет кездесті. Өте қуаныштымын”, – деп жазады қолданушының бірі ұйымдастырушы Азатқа алғысын білдіре отырып.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін