Қайын інісімен төсектес болған келіншек баласының кімнен екенін білмей жүр

Күйеуіне туған қайын інісімен опасыздық жасаған келіншек басынан өткен оқиғасын айтып берді.

izmena

Бұл туралы «Әйел құпиясы» парақшасында жазылды.

Айғаным Нүсіпбекова (есімі өзгертілді) отбасылық өмірдің алғашқы бір жылында күйеуіне үш рет опасыздық жасаған. Ол үйінде бірге тұрып жатқан қайын інісімен төсектес болған екен. Бүгінде оның аяғы ауыр. Бірақ, баласының кімнен екенін нақты білмейді. Мұнымен қатар, шындықты айтуға да жүрексінетінін жеткізді.

«Тұрмысқа шыққаныма бір жарым жылдай уақыт болды. Күйеуімді мүлдем танымаймын. Мені алып қашып әкелген болатын. Отбасым алып кетпегендіктен, қалуға мәжбүр болдым. Жолдасым күзетші болып жұмыс істейді. Өзі жақсы адам. Бірақ, ішкі жан-сырымды көп түсінбейді. Ал мен еркелеп, сырласқым келеді. Ол бұл туралы ойламайды да. Мені үйдегілер үшін ғана алып келгендей күйде жүрмін. Үйді таза ұстап, өзіме жақсы қараймын. Әлі күнге дейін бір-бірімізге үйренісе алмай жүрміз. Төсек қатынасында да көп бола бермейміз. Себебі, өзі 15 күн жұмыста болады. Үйге келгенде отбасының басқа мүшелерінің ұйықтағанын күтейік дейді. Олар ұйықтағанша мен де ұйықтап қаламын. Яғни 3-4 айда бір қосыламыз. Мен онымен бірге болғым келеді. Осы туралы өзінен ашық сұраймын. Ол да бірге болғысы келетінін айтады.

Үйде жолдасымнан 4 жас кіші қайын інім бар. Маған жақсы қарайды. Жылағанымды бірден байқап қояды. «Неге мазаңыз жоқ?» деп жағдайымды жасап тұрады. Менімен әзілдесіп ойнайды. Бір күні үйде ешкім жоқ болғанда жатын бөлмеме кіріп келді. Мені құшақтап сүйе бастады. Қарсыласып, қашпақ болған едім күшім жетпеді. Ақыры өз дегенін жасады. Бұл туралы ешкімге айта алмадым. Араға 2 ай салып мен базарға кеттім. Ата-енем осы уақытта қонаққа кеткен екен. Үйде қайын інім жалғыз қалған екен. Мұны білмей үйге кіріп келдім. Есік құлыптанып қалды. Ал кілт қайнымда болатын. Мен заттарды қойып, далаға шығып кетпек болдым. Бірақ, тағы да құшақтап алып аймалай бастады. Бұл жолы да үнсіз қалдым.

Жолдасым жұмыстан келген соң барлық шындықты айтамын деп ойладым. Бірақ, айта алмадым. Осылай жүргенде жолдасым екеуіміз овуляция күні қосылдық. Ол қайтадан жұмысқа кетті. Қайын ініммен жалғыз қалуға қорқатын болдым. Бір күні енемнің жоқ екенін пайдаланып, қайын інім мені құшақтай жөнелді. Ол мені тағы да өз дегеніне көндірді. Екі айдан кейін жүкті екенімді білдім. Бірақ, баламның кімнен екенін білмей жүрмін. Қайын інім туралы ешкімге айта алмаймын. Себебі, отбасымызда барлығы бір-бірін сыйлайды. Бөлек шығып кетуге де мүмкіндік жоқ. Шындықты айтсам, мені ешкім жақтамайтыны анық. Содан жалғыз қаламын. Ішімдегі балам қазір 7 айлық болды. Не істесем екен?», – дейді Айғаным Нүсіпбек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық келін тікелей эфирде өзін мезі еткен енесі туралы айтты

Көңілдес сүйіктісін отбасынан ажырата алмай қиналып жүргенін айтты

Алып қашудың құрбаны болған бойжеткен қайын жұртының көрсеткен қорлығы туралы айтты

Келіншек күйеуіне “бұйырмаған” қыздық пердесін хирургиялық жолмен алдырмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар