Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
“Қайтадан бастайыншы”: Серік Ибрагимов сахнада өз әнінің сөзін ұмытып ұятқа қалды (видео)
Әнші Серік Ибаргимов сахнада өз әнінің сөзін ұмытып қалды. Оның ұятқа қалған сәті түсіп қалған видео желіде тарап кетті, деп жазады Stan.kz.

Сахнаға «Жоқ деме» әнін айтып шыққан Ибрагимов әннің сөзін ұмытып, біршама уақыт тұрып қалды. Мұнан кейін «қайтадан бастайыншы» деген әнші жанды дауыста ән шырқағанын дәлелдеу үшін осылай жасағанын айтты. Десе де артынша әннің бас жағындағы сөздерін ұмытып тұрғанын жеткізіп, көрермендерден көмек сұрады.
Желіде тараған видеодан кейін пікір қалдырушылардың кейбірі әншінің бұл әрекетін шоуға балады. Тағы бірі оның шынымен де әннің сөзін ұмытып қалғанын айтып, сөгіп жатты.
«Сонда өз жұмысына жауапсыз қарағаны ма?», «Міне қарапайым жұлдыз. Онда тұрған ештеңе жоқ», «Жарайсың, мойындаған да ерлік», «Ондай-ондай ханның қызында да болады. Адам болған соң, бәрі болады», – деп жазды желі қолданушылары.
"30 қызметкерге 19 миллион теңге қарыз": Астанада BITANGA мейрамханасының қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақыларын ала алмай жүр
Қызметкер: "Ал Алматыдағы BITANGA қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр"
Қазақстандық әйел ер адамды танысудан бас тартқаным үшін басымды үстелге ұрды деп айыптады
Караоке басшысы әйелдің айыптауларын жоққа шығарды