Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайта қолданылған бөтелке әжетхана унитазынан лас екен

Соңғы кездері көпшілік күніне кемінде  2,5 литр суды тұтыну керек екенін жақсы біледі. Бірақ сіз тұтынатын судың бөтелкесін екінші мәрте қолдану өте зиянды екен.

бөтелке

Бұл туралы treadmillreviews зерттеу орталығының сайтында жазылған.
treadmillreviews ғалымдары жасаған зерттеу бойынша  бір рет қолданылған пластмасса бөтелкелердің қабырғасы микробтарға толып қалады. Екінші мәрте оған су құйған кезде, сусын айтарлықтай уланады екен. Оқымыстылар  пластик бөтелке қабырғасындағы микробты унитаз әжетхана микробынан да  көп деген қорытындыға келген.

Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізу кезінде спортшының бір апта бойына қолданған бөтелкесіндегі бактериалар санын санап шыққан. Онда бөтелкенің шаршы сантиметрінде  900 000 дай бактерия болған. Бұл дегеніңіз қоғамдық орындағы орташа тазалықтағы әжетхана унитазынан асып түскен. Унитазға тек отыратын болса, бөтелкедегі сусынды ішке қабылдаймыз. Сондықтан да бұл айтарлықтай қауіпті екен.

Көпшілік бөтелкені екінші мәрте қолданар кезде жумайды. Ішінде су болғандықтан таза деп түсінеді.

Зерттеушілер істетілген бөтелкені жуып, қайта тексерген кезде ондағы бактериялар  саны 75%-ға  азайған.

 

 

Талқылау