Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайраттың” бұрынғы бапкері Грузия құрамасын жаттықтыратын болды

Словакиялық маман Владимир Вайсс футболдан Грузия ұлттық құрамасының бас бапкері болмақ. Тбилисиге ұшып келген маман, 14 наурыз күні ресми таныстырылмақ. Бір қызығы Вайсстың алғашқы қарсыласы Қазақстан құрамасы болмақ.

vayss2

Сурет dynamo.kiev.ua

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Қазақстан құрамасы 29 наурыз күні Грузия астанасында жергілікті ұлттық құрамамен жолдастық кездесу өткізбек. Әзірге, Қазақстан құрамасын бұл матчқа “Ақжайық” футбол клубының бас бапкері Талғат Байсуфинов дайындап жатыр.

Вайсс осының алдында алматылық “Қайратты” 2012 жылдың қаңтар айынан 2015 жылдың желтоқсан айына дейін жаттықтырған еді. Осы уақыт ішінде алматылық клуб екі рет қола жүлдеге қол жеткізіп, бір мәрте ел премьер-лигасының күмісін алған. Вайсс дайындаған тұста “Қайрат” екі рет Қазақстан кубогын төбелеріне көтеріп, Европа лигасының плей-офф кезеңіне дейін жете алды.

Вайсстың ұлттық құрамамен жұмыс жасауда да тәжірибесі мол. Ол Словакия құрамасын өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне алып шыққан болатын.

Талқылау