Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Жамалиевтің Ламборгиниі әлі сатылмаған

Қайрат Жамалиевтің Ламборгиниі әлі сатылған жоқ. Әліби Жұмағұловты ұрғаны үшін 13 жылға сотталған экс-бизнесменнің қымбат көлігі әзірге мемлекеттік мекеменің авто тұрағында тұр.

Auto_Lamborghini__006034_

Сурет www.zastavki.com сайтынан алынды

Көпті елеңдеткен Ламборгини Галлардо көлігі. 7 тамыздағы сот үкіміне сәйкес тәркіленген бұл мүлік 29 қазаннан бері осы тұрақта тұр. Мемлекет меншігіне алынған темір тұлпар 47 миллион теңгеге бағаланып отыр. Әуел баста бәс сауда 5 ақпанға белгіленген болатын.

Алайда, жоспарланған күні қымбат көлік сатылмады. Бұған қалалық әділет басқармасының 26 қаңтардағы хаты кедергі болыпты. Нақтырақ айтсақ, Ламборгини қожайыны Жамалиевтің жұбайы темір тұлпардың саудалануына шектеу қойған.

“Аталған автокөлікке әйелінің өзінің үлесін бөлу туралы талап арызының негізінде, Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 223-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес Астана қаласының Алматы аудандық сотына талап арыз берілген. Сол себепті бұл көлікті саудалау белгісіз бір уақытқа тоқтатылып отыр. Өтпеген жағдайда жекелей негізде түскен мүлікті пайдалану, ары қарай пайдалану мәселелері бойынша комиссияның шешімі арқылы қайтадан ағылшын саудасына салынуы мүмкін. Немесе голландтық әдіс бойынша саудаға түсуі мүмкін”, – дейді Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы Серік Қабдуалиев.

2013 жылы шығарылған, көлемі 5,2 спорттық көлік жарты бағасына сатылып жатса да, қызығушылық танытқандар аз екен. Қосымша бөлшектерінің өзі қымбат, әрі арнайы тапсырыспен әкелінетін мұндай сән-салтанатты кез келгеннің қалтасы көтермесі анық. Дегенмен, басқа себебі де болуы мүмкін.

Әдетте, тәркіленген көліктер мемлекеттік мекемелерге таратылатын көрінеді. Ал мынадай спорттық темір тұлпар бірінші рет саудаға қойылып отыр екен. Сонымен қатар, “ел тарихында бірінші болып сыйлығын өткізді” деп жар салған ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтың Қытайдан әкелген ұялы телефоны да әлі өтпепті.

Талқылау