Қайрат Жамалиевтің қымбат көлігін прокурорлар мініп жүр
Сотталып мүліктері тәркіленген Қайрат Жамалиевқа тиесілі Lexus LX 570 және Mercedes Benz 500S көліктері енді ҚР бас прокуратурасындағы шенділердің тақымында жүр.

Сурет forbes.kz
Қайрат Жамалиев мінген көліктер ҚР бас прокуратурасына берілген. Бұл ақпаратты Астанадағы мемлекеттік мүлік департаменті де растап отыр.
“Арнайы негізде мемлекет меншігіндегі затты есепке алу, сақтау, бағалау және алдағы уақытта мүлікті пайдалану” деген 33 тармағына сәйкес, 2002 жылы 26 шілдеде ҚР үкіметі бекіткен №833 жарғыға сай, комиссия шешімімен Lexus LX 570 және Mercedes Benz 500S көліктері ҚР бас прокуратурасына берілді”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, бизнесменнен басқа да тәркіленген мүліктер ақшша күйінде ҚР ұлттық банкіне тапсырылады. Бұған дейін оның Lamborghini Gallardo көлігі мен Vertu ұялы телефоны аукцион арқылы сатылған болатын.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген