Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Түнтеков пойыз вагондарында концерт қойып, қалтасын ақшаға толтырған

4 жылға жуық халық көзінен тасада болған Қайрат Түнтеков соңғы жылы шығармашылығына белсене кірісті. Отандық музыкалық жобаға қатысып, жеңімпаз атанды. Одан бөлек, бірнеше ән жаздырды, бейнебаян түсірді. Ал енді өз өмірі туралы фильм түсіруді жоспарлап жүр.

Кайрат Тунтеков

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Түнгі студия” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Төреғали болсын, Ерке болсын, комедия жанрында түсіріп жатыр. Ал мен түсірейін деп жатқан кино – өзімнің өмірбаяным болайын деп тұр. 1.5-2 сағаттық көркем фильм болады. Мүмкін өзімнің кіші кезіме ұқсайтын актер табармын”, – дейді Қайрат.

Түнтековтің аяқ астынан фильм туралы ойлануы бекер емес. Осыдан 10 шақты жыл бұрын “25 теңге” атты комедияға түскен Қайрат өмірінде ел қызығатындай оқиғалардың көп болғанына сенімді.

“Анам Көкшетаудікі деп айттым ғой. Қызылорда-Көкшетау деген пойыз болатын, сонымен 2 тәулік жүреміз. Ол кезде жасым 4-те. Жазғы демалысқа барамыз. Анам, ағам, әпкем бар. Әкем қалып кететін. Пойызда бара жатып, Ace of Base-тің танымал өлеңдерін 4 жасымда ешқандай акцентсіз орындайтынмын. Жаттап алғанмын, құлағыма жағады. Өзім жатқан вагонда кішігірім концерт беріп жіберемін”, – дейді Қайрат.

Сондай күндердің бірінде Қайраттың талантына таңдай қаққан жолаушылардың бірі баланы қолынан жетектеп, вагон-вагонды аралап шыққан.

“Біздің вагонда біраз ақша істедік. Әлгі кісі мені ертіп алып, бүкіл вагондарды аралап шықтық. Ән айттым. Әр станцияға тоқтаған сайын тамбурға шығып, ән айтамын.

Адам болмаған етін. 2-3 ән кетті, бесінші ән кетіп жатыр. Бір қарасам, халық толып қалған. Кәдімгі милиция ағаларамыз жүр. Бір қарасам, әлгі кісі тақиясын ұстап алып, ақша жинап жүр ғой.

Ол кезде санай алмаймын да ғой. Бірақ қалтам ақшаға толды. Барып, анама лақтырдым. Шын ниетпен таптым деп қоямын. Ана кісіге кішігірім ұстаттық. Көкшетауға барып, той жасап жібердік. Бара салғаннан, анамның қуанғаны сонша, базарға алып барды. Үстіме неше түрлі костюм, бәрін алып берді”, – деп еске алды Түнтеков.

Әнші автобиографиялық фильмнің халыққа ұнайтынына сенімді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау