Қайрат Түнтеков ауыр дерттен көз жұмған қарындасына ән арнап, елді жылатты (видео)

I am a Singer жобасының жетінші кезеңінде Қайрат Түнтеков Димаштың жұлдызын жаққан француздың Sos Dun Terrien әнін шырқады. Өмір мен өлім туралы сыр шертетін бұл туындыны Қайрат өмірден ерте озған қарындасына арнады. Көзіне жас алды, залдағы көрерменді жылатты, деп хабарлайды Stan.kz.

 

“3-4 ай бұрын, ораза кезінде өмірден кеткен қарындасыма осы әнді арнағым келіп отыр. Белгісіз бір аурудан 11 жасында өмірден өтті. Өзі талантты, ән де айтатын, билейтін де. Алла Тағала көп ұстамай, алып кетті. Айтудың өзі қиын болып отыр. Сондықтан осы әнді бір орындасам, өзіме де бір жеңіл болып қалады деген ойдамын”, – деп түсіндірді Қайрат.

Әнді орындау барысында Қайраттың көңілі босап, көзіне жас үйірілді. Даусы дірілдеп, әнді әрең дегенде аяқтаған Қайрат бұл қылығы үшін елден кешірім сұрады.

“Жылап жібергеніме ренжімеңіздер, жақында ғана Сәбина есімді қарындасымнан айырылып қалған едім. Өз-өзімді ұстай алмай қалдым, ренжімеңіздер”, – деп түсіндірді Қайрат.

Соған қарамастан, жобаның бұл кезеңінде Қайрат ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, бірінші орынды иеленді.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаев 30 жылдық концертінен кейін дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Ерке Есмахан “Қайда?” клипінің жалғасын ұсынды (видео)

Мұхтар Шаханов: Халықты мағынасыз әнге тойдырып, Гитлердің арманын орындап жатырмыз

Артур Төлепов інісінің тойында сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар