Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат сыйлады: Гүлзира Айдарбекова қымбат маркалы жаңа көлігін көрсетті (фото)

Анасын қуантудан жалықпайтын Қайрат Нұртас оған тағы да қымбат сый жасады. Ол Гүлзира Айдарбековаға қымбат маркалы автокөлікті сыйға тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайрат сыйлады: Гүлзира Айдарбекова қымбат маркалы жаңа көлігін көрсетті

Қайрат Нұртас анасына Lexus NX 200t маркалы көлігін сыйлаған. Су жаңа автокөліктің нөмірі де ерекше. Хитмен арнайы тапсырыспен 777 әрі GUL (гүл) нөмірін жасатқан.

“Қайратымның сыйы ғой. Ес білгелі құшағымды гүлге орап еді, мінекей көлігімнің нөмірінде де сол гүл. Осындай көрегенді етіп, тәрбие берген өмірлік жарым, папасы Нүрекеңе мың алғыс! Алла өмір жасын ұзақ етіп, абыройынан айырмасын! Үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін”, – деп мақтанды продюсер.

Қайрат сыйлады: Гүлзира Айдарбекова қымбат маркалы жаңа көлігін көрсетті

Айта кетейік, бір сұхбатында Айдарбекова осы уақытқа дейін Қайраттың 5-6 үй алып бергенін де айтқан болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау