Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың жаңа концертіне 200 мың доллардан аса қаражат жұмсалған

Қайрат Нұртастың инновациялық шоу концертіне әлі 1 аптадан аса уақыт бар. Десе де концерт дайындығына жұмсалған қаражат бүгінгі күннің өзінде 200 мың доллардан асып түскен.

КайратНуртас01

Бұл туралы Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына айтып берді.

Продюсердің айтуынша, былтырғы жылы Қайраттың концертіне Ресейден Тимати мен Нюша шақырылғаннан кейін ел арасында түрлі әңгімелер көбейген. Жұрт Қайратқа шетелдіктерге қыруар қаржы жұмсағанша, өзіміздің елдің жарық жұлдыздарымен бірге ән айтуға кеңес берген.

Ал биылғы концертке шетелдіктер қатыса ма? Мұны Гүлзира Айдарбекова құпияда ұстап отыр. Бір анығы, бұл концертте Қайрат өзінің өнердегі сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаевпен бірге дуэт орындайды.

«Әзірге құпия. Бірақ жаңа жылға қарсы көптеген шетелдік жұлдыздар бос емес, сондықтан ізденіс үстіндеміз. Нюша мен Тиматиді шақырған кезде ел «Қанша ақшаны сыртқа жібергенше, неге өзіміздің жарық жұлдыздарымызбен жасамасқа?» деп шулап кетті. Енді сол ақшаны техникаға, сахнаның әсемделуіне құртқанымыз дұрыс деп шештік.

Мысалы, республика сарайына 3 мың адам сыятын болса, ол жерде 4-5 есе көп қаржы кетеді. Республика сарайының өзінде жарықтың өзіне 10 мың доллардай жұмсап жүргем. Ал енді ол жерде («Алматы-Арена» мұз айдыны) мүлдем үлкен ақша. Оның жалға алу бағасы бар. Афишаның өзін алып қарайтын болсақ, оның дизайнына бөлек, шығарған адамға, ілген адамға бөлек, тұрған орнына тағы ақша төлейсің. Сөйтіп бір афишаның өзіне 5 жаққа ақша төлейсің. Жарық беру, техника, сахнаның әсемдігі бар. Одан бөлек әрбір өлеңіне бейнежазба жасалынады. Әр әніне пәлен мың доллардан алады. Сондықтан оңай жұмыс емес, қаншама адам жұмыла еңбек етіп отыр», – деді Гүлзира Үсенқызы ағынан жарылып.

Өз сөзінде Қайраттың анасы қазірдің өзінде концерттің дайындығына 200 мың доллардан аса қаражат жұмсалғанын мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева: Алдымен бала туып, сосын тұрмысқа шықсам деймін

Қайрат Нұртас өтініп сұраған тыңдармандарына тегін билет таратқан

Ділназ Ахмадиева кезекті туындысын барлық бақытты әйелге арнады

Eaglez-дар көптен күткен Ninety one тобының бейнебаяны жарыққа шықты (видео)

 

Талқылау