Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың отбасында тағы да той болмақ

Күні кеше Айдарбековтер әулеті жаңа келін түсіріп, дүркіретіп той жасаған болатын. Аталған тойға Аян Айдарбековтың өнерге қатысы болмаса да, барша қазақ эстрадасының жұлдыздары жиналды. Той барысында Қайрат Нұртастың кенже інісі сұхбат беріп, көп ұзамай өзінің де келін әкелгелі отырғанын сөз етті.

21372095_117016852315179_1925839829170388992_n

Сурет: Қайрат Нұртастың жеке парақшасынан

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Жеңгесінің көңілінен шыққанын Қайрат Нұртастың кенже бауыры да жасырмады. Мұнымен қатар, ол Айдарбековтер әулетінде көп ұзамай тағы бір тойдың болатынын айтып өтті.

“Ол мені Еркебала деп атайды. Үйде компот жасайды, түрлі-түрлі тәтті торттар пісіреді. Анасы үйреткен тағамдардың барлығы керемет. Ағам мен жеңгем бір-бірін қатты жақсы көреді. Екеуі бір-бірін 4-сыныптан бастап таниды. Бастапқыда “Әке, мен үйленемін” деген кезде біз түсінбей қалдық. Артынша бұл шешімін қабылдадық. Құдай қаласа, өзім ендігі жылы тамыз айында үйленуді жоспарлап отырмын”, – дейді Заңғар Айдарбеков.

Осылайша жұлдызды отбасының кенжесі өзінің сүйіктісі барын байқатып, оны үйге әкелуге асығып отырғанын жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Нұрлан Еспанов өнердегі інілерінің не себепті әйелдерін жасыратынын түсіндірді

Баян Есентаева арман қуған қыздарға аналарын тыңдамауға кеңес берді

Желіде Қайраттың жары Жұлдыздың эксклюзивті суреттері пайда болды (фото, видео)

«Өнер қырандары» театрының басшысы Мадиярға әйелі естен кетпес тосынсый жасады (фото, видео)

Талқылау