Қайрат Нұртастың “My Universe” әні шетелде хит болып кетті (видео)
“Май өнивөрс” деп өз елімізде күлкіге айналғанымен, Қайраттың ағылшын тіліндегі әнін шетелдіктер тыңдап жүрген көрінеді. Мәселен, күні кеше желіде әлемге әйгілі балуан Конор Макгрегордың аталған туындыны көлікте тыңдап, би билеп келе жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Көпшілік видео монтаждалған болуы мүмкін деп даңқты балуанның бұл әнді тыңдайтынына күмәнмен қарады. Алайда Гүлзира Айдарбекова “видеоны түсірген өзі” деп желідегі оқырмандарына жауап берген болатын.
Сондай-ақ, Қайраттың көмекшісі Айдын Құдабаев елді елең еткізер тағы бір видео жариялады. Онда ағылшын жұлдыздары көлікте Қайраттың әнін шама-шарқынша орындап келеді.
Ал оларды видеоға түсіріп келе жатқан қазақ жігіті: “Қайрат, сенің әнің ағылшындар арасында өте танымал”, – деп пікір білдірді.
Бұл орайда желі қолданушылары Қайраттың әлемдік деңгейге көтерілген айтып қуанды.
“Май өнивөрстің” арқасында әлемге танылып кететін болдық”, – деп әзіл-қалжыңы аралас пікір қалдырды оқырмандар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"