Қайрат Нұртастың балалары 30-ға толған әкелеріне ерекше құттықтау жолдады (видео)
Бүгін – елімізге белгілі хитмен Қайрат Нұртастың туған күні. Өнер иесі 30 жасқа толды. Мерейлі жасқа қадам басқан әншіні ең бірінші болып балалары мен жұбайы құттықтады, деп жазады Stan.kz.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әкелерінің туған күніне орай Сезім, Алау, Нарұл мен Хан Happy birthday to you әнін шырқады. Балаларының құттықтауын жариялаған Жұлдыз өзінің де отағасына деген ақ тілегін жеткізді.
“Асқар тау әкемізді туған күнімен құттықтаймыз! Қайрат, қайда болсаңыз да аман болуыңызды тілейміз! Сіз біздің жүрегіміздесіз”, – деді ол.
Ал Қайрат Нұртастың өзі меншікті мерекесінде өзіне өмір сыйлаған анасын құттықтауға асықты. Ол жақындарымен бірге бір құшақ гүлін алып, түнгі сағат 12-де Гүлзира Үсенқызын құттықтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сол сияқты кенже інісі Заңғар ағасының туған күніне өлең жолдарын арнады.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады