Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әндерін әртүрлі тілдерге аудару сәнге айналған ба?

Қайрат Нұртастың әндерін әртүрлі тілдерге аудару сәнге айналып бара жатқандай. Жақында Тоғжан Мұратова есімді өнерпаз Қайраттың «Жүрегіңнен бір орын бер» әнін орысшаға аударып, тіпті оған клип те түсіріп үлгерген болатын.

Ендігі, белгілі шоумен Әділбек Мақұмов дәл осы «Жүрегіңнен бір орын бер» атты әнді қытай тілінде орындап шықты. 1 күн ішінде 40 мыңнан аса қаралым жинаған видеоға желі қолданушылары «сөздері шынымен қытай тілінде ма?» деп сұрақ қалдыруда.

Мұны анықтау үшін Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі Әділбекке хабарласып, мәселенің мән-жайын білді. Желіде тараған видео авторы әннің расымен де қытай тілінде жазылғанын растады.

https://www.instagram.com/p/Blr3rMuFrId/?taken-by=makumov

«Қайраттың өлеңдерін көбі басқа тілге аударып жатқан соң, біз де көрейік дедік. Қытай мемлекетінде біраз жыл өмір сүрген досым әннің сөздерін қытай тіліне аударып берді. Сондықтан, бұл таза қытай тілінде орындалған ән», – деп күлді шоумен.

Өнер иесі Қайраттың әнін өзге тілде де насихаттауды мақсат тұтқанымен, оның бұл әрекетін теріс қабылдағандар баршылық. Тыңдармандар шоуменнің қытай тілінде орындап жатқанына күмән келтіріп, оны “Қайратты мазақ еткен болуы мүмкін” деп те айыптаған.

Алайда сайтымыздың тілшісіне сұхбат берген Әділбек Мақұмов әннің мағынасын өзгеріссіз қалдырып, сол қалпы қытай тіліне аударғанын айтады.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін тек қазақ тілінде ән орындап жүрген Қайрат Нұртас, 2018 жылы жанкүйерлеріне бір емес, екі рет тосынсый жасады. Интернет кеңістігінде қызу талқыға түскен інісі Заңғармен бірге ағылшын тілінде орындаған «My Universe» атты туындысы болса, «Думаю» деген орыс тіліндегі әнді де айтып таң қалдырды.

Қайраттың әнін тағы қандай тілдерде естігілеріңіз келеді? Елді таңғалдырудан шаршамайтын хитмен тағы қандай тілдерде ән шырқауы мүмкін деп ойлайсыздар?

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау