Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әкесі: Ұлдарым барда шығынды есептемеймін

Қайрат Нұртастың әкесі ұлдары тұрғанда қаражат мәселесіне ешуақытта алаңдамайтынын айтты.

18011313_1153450488098250_1968442331333918720_n

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында берген сұхбатында айтты деп жазады Stan.kz.

Күні кеше Гүлзира Айдарбекова өзінің туған күнін дүркіретіп атап өтті. Аталған тойға барша қазақ эстрадасының жұлдыздары келді. Продюсердің жолдасы өз кезегінде шыққан шығынды ешуақытта есептемейтінін айтып қалды. Себебі, қаражат мәселесіне келгенде ұл-қыздарына сенім артады екен.

“Қазақта “Шыққан шығын орнына қайтып оралар, күлімдеген ұлың тұрса алдыңда” деген жақсы сөз бар. Құдайға шүкір, артымызда ұлдарымыз бен қыздарымыз бар. Сол себепті шыққан шығынды есептеп жатудың қажеті жоқ”, – дейді Нұртас мырза.

Продюсердің таныстары мен әріптестері тойдың өздеріне ерекше ұнағанын айтты. Бастапқыда кішігірім отырыс болады деп күткен екен.

“Гүлзира ханым кез келген шараны тойға айналдырып жібереді. Мұндай қасиет бізге де тән. Ол кісі бүгінгі шараға 200 адам келгенін айтқан болатын”, – дейді Шахизада ханым.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та тұратын Мұхтар Мағауиннің күн тәртібі қандай

Қазақтың үш асыл ұлы бір әйелге ғашық болған

«Шаншар» театрының әртісі Жүсіп Ақшора: Уәлибек болмағанда осы күнге жетпес едім

Димаштың жаңа әнін тыңдаған көрермендер еріксіз жылап жіберді (видео)

Талқылау