Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас жарымен бірге Лилия Рахтың сән кешіне қатысты

Жуық арада Қайрат Нұртас еліміздің ең стильді серілерінің біріне айналса, еш таңқалмаңыз. Әнші, жұбайын ертіп, сән кештерінің біріне қатысып қайтты. Өнерпаз өзінің дәстүрлі образын өзгертейін деген бе? Әлде, бұл  Жұлдызбен ойластырған жаңа жобасы ма?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Танымал байер Лилия Рах, алғаш рет халықаралық фэшн шара өткізді. Екі күнге созылған сән мерекесінде, шетелдік дизайнерлер өз топтамаларын таныстырды.

Ұйымдастырып отырған сән жәрмеңкесін, Лилия ханым сән апталығы деп атағысы келмеген. Сондықтан да, екі күнге созылған көрсетілімге ол «Sauvage Fashion Weekend» деп айдар таққан.

“Өз басым, жаңалықтарға жаным құштар адаммын. Сән әлемі әрдайым өзгеріп отырады. Мұндағы менің мақсатым да осы, яғни отандастарымды жаңашылдықпен таныстыру”, – дейді Лилия Рах.

Лилия ханым дизайнерлерден өзге, шоу-бизнес өкілдерін де шақырған. Мәселен, Ринголық серілер, Роза Рымбаева, Әли Оқапов, тіпті Гүлзира Айдарбекова, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қадірлі меймандар тізімінен табылды.

“Мені мұнда өзімнің жарым, әйелім, жұбайым – Жұлдыз алып келді. Екіншіден, бұл кісіні өте жақсы танимын, жақында бірге жұмыс жасадық”, – дейді Қайрат Нұртас.

Сән шараларында жиі бой көрсетпейтін Қайрат Нұртас, мүмкін стилін өзгертуді ойлап жүрген болар?

“Менің киінгенім өзіме ұнайды, себебі әркім әрқалай киінеді”, – дейді Қайрат.

Ал, дәстүрлі образыма адалмын деген серіні жұбайымен бірге, енді сән шараларынан жанкүйерлері де жиі көруге ынтық.

Жіберіп алмаңыз:

 

Талқылау