Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас тыңдарманының өтінішімен шашын тықырлатып алдырмақ (видео)

Қайрат Нұртас өзінің шаш үлгісін сынап тастаған оқырманының өтінішін орындамақ. Ақтауда тұратын шаштаразы келе салысымен, шашын тықырлатып алдыруға уәде берді. Десе де, бұл әншінің әзілі болуы да ғажап емес.

21149227_342957932811417_842533843146637312_n

Сурет: Қайрат Нұртастың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отандық бағдарламалардың бірінде желі қолданушысы әншінің шаш үлгісін сынап, “Нұртас, өтініш тезірек шаш үлгіңді өзгертші. Репертуарың мен стилің өзгерді. Бірақ, шаш үлгің келіңкіремей тұр” деп жазған екен. Тыңдармандарының осы секілді сынын ескерген әнші алдағы уақытта шашын тықырлатып алдыруға уәде берді.

“Өткенде ғана балалардың барлығынан кешірім сұрап, құлағымды ашқан болатынмын. Қазір менің шаш қысқартатын адамым алыс Ақтауда тұрады. Әзірге Алматы қаласына келе алмай жатыр. Келген соң міндетті түрде тақырбас етіп алдырамын”, – дейді Қайрат Нұртас. Ал әншінің анасы өз кезегінде ұлының шашы мен көзілдірігіне тиіспеуді өтінді.


Жіберіп алмаңыз:

Сиви 15 килограммдық қымбат көйлегін көрсетіп мақтанды (фото)

Ұрыс-керіс шаршатты: Бір топ көрермен Аша Матай жүргізетін бағдарламаны жауып тастауды ұсынды (фото)

Ақбота Сейітмағамбет: Тоқал болып күйеуге шыққан жалғыз мен бе?

Мөлдір Әуелбекова “шалға күйеуге шықты” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау