Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова мәжіліс депутаттарының тізіміне енбеді
“Нұр Отан” партиясының атынан парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер атанған эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова депутаттық мандатты иелене алмады. Астанада “Нұр Отан” партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтіп, партияның парламент сайлауына қатысуына қатысты қорытындылар жасалған.

Сурет xmusic.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыста партияның парламент сайлауына қатысу қорытындылары талқыланды, сондай-ақ кандидаттардың партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісіне депутаттық мандаттарды бөлу кезегі анықталды.
Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың бекітілген тізімі барлық талаптар мен өлшемдерге сай екеніне, өңірлік, әлеуметтік, кәсіби тұрғыдан екшелгеніне назар аударды.
Саяси кеңес Бюросының жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттық мандаттарын бөлу кезегін анықтау туралы қаулы қабылданды.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін