Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Мені автобустан немесе базардан көрсеңіздер таңғалмаңыздар

2 желтоқсан күні Қайрат Нұртас жанкүйерлерімен кездесіп, жаңа жыл қарсаңында өтетін өзінің концертінің билеттерін өзі сатты. Әнші не себепті мұндай қадамға барғанын түсіндірді.

кайрат_12

«Бүгінгі күнімді халықпен бірге суретке түсіп, сырласып, әңгіме айтуға арнадым. Мәселе менің билет сатқанымда емес. Әдейі қызық болсын деп шақырдық. Адам жинау үшін немесе билет өткізу ойымда жоқ», – деп түсіндірді әнші НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.

Бұл күні республика сарайының алдына жиналған адам қарасы көп болды. Олардың түгелі дерлік кумирлерін көріп, онымен суретке түсу үшін арнайы келген. Бір қызығы, Қайратты бір көру үшін республика сарайының алдына жас та, кәрі де жиналды. Тіпті, емізулі баласын құшақтаған ата-аналар Қайратты көру үшін ұзын-сонар кезекке тұрудан тайсалмады.

Screenshot_13

Фото: “Ревю” бағдарламасынан скриншот

Ал әнші бұдан былай қоғамдық орындардарда жиі жүруі мүмкін екенін айтты.

«Біріншісі осы болса, бір күні автобуста не базарда жүруім мүмкін», – дейді Қайрат Нұртас.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Мейрамбек Беспаевпен бірге дуэт орындады (видео)

Қайрат Нұртастың костюмін киген жеткіншек қуанғанынан әншіні құшақтап алды (видео)

Ұлықпан Жолдасовтың әнін шебер орындаған армян қызы көпшілікті тәнті етті (видео)

Тек күйеуінің рұқсатымен киінетін эстрада арулары кімдер?

Талқылау