Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас келесі концертіне әлемге әйгілі 50 Cent пен Snoop Dogg-ты шақырмақ

Еліміздегі ең танымал әншілердің бірі Қайрат Нұртас келесі концертіне әлемге әйгілі орындаушыларды шақыратынын мәлімдеді.

50-cent-snoop-dogg (11111111)

Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлады

Жуырда ғана «Алматы-Арена» мұз сарайында инновациялық шоу концерт беріп, елді өзіне қаратқан Қайрат Нұртас мұнымен тоқтап қалмақ емес. Әнші 2018, 2019 жылдары өз концертіне әлемге танымал орындаушылар 50 Cent пен Snoop Dogg-ты шақыратынын айтты.

“Менің 2018, 2019 жылғы концерттерімді күтіңіздер. Құдай қаласа, сол кезде 50 Cent пен Snoop Dogg-ты көріп қаласыздар”, – деді әнші.

Естеріңізде болса, бұған дейін Қайрат өзінің концертіне ресейлік Нюша мен Тиматиді шақырған еді. Ресейлік аруды қазақ тілінде ән салдырған Қайрат ол кезде де көпшіліктің таңданысын тудырды. Ал бұл жолы әнші отандық эстрадамыздың жарық жұлдыздарымен бірге өнер көрсетуді жөн көрген. Оның себебін әншінің анасы әрі продюсері өздерінің тарапына айтылған елдің сынымен түсіндірді.

Жіберіп алмаңыз:

Саят Медеуов Мейрамбек пен Тоқтардың 18 жасын тойлау үшін түнімен ақша іздеген

Батырхан Шүкеновтің анасы: Ұлым адам қолынан қаза тапты деп ойлаймын

Мәдина Сәдуақасова күйеуінің көңіліне қарап әріптестерінің тойларына бармайтын болған

Дастан Оразбеков түсірілім кезінде төбелес шығарды

Талқылау