Қайрат Нұртас: Мені аман алып қалған Аллаға сансыз шүкір

Дүйсенбі, 31 Қазан , 2016 15:31

Қайрат Нұртас өзінің амандығын тілеген тыңдармандарына алғыс айтты. Мұнымен қатар, оларды бүгін кешке болатын концертіне шақырды.

14727522_1134377129933172_4042478701382729728_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші Қайрат Нұртас жол-көлік апатына ұшыраған болатын. Анасының айтуынша, әнші дін-аман. Тіпті, тыңдармандарға ауырып тұрғанын білдірмей концертте ән салған. Енді міне әншінің өзі жағдайы туралы айтып берді. Ол өзінің тілеуін тілеген барша тыңдармандарына алғыс айтты.

“Құрметті тыңдармандарым мен тілекшілерім, мен үшін алаңдап, дұға еткен әрбіріңізге Алла жақсылық берсін! Тағы бір қауіп-қатерден аман алып қалған Аллаға сансыз шүкір! Амандығыма сіздердің үнемі айтып жүретін бата-тілектеріңіз себепші болған шығар. Сіздердей тілеулестерімнің барына сансыз шүкір! Әрдайым аман-сау жүріңіздер! Алла қаласа, бүгін кешке туған жерім Түркістан өлкесіндегі тыңдармандарымды концертімді күтемін”, – дейді Қайрат Нұртас.

Әншінің бұл сөздерін естіген тыңдармандары қатты қуанып қалды. Түнімен амандығын тілеп шыққандарын да жасырмады.  “Аман қалғаныңа қуаныштымын! Елдің тіл-көзінен сақтанып жүргейсің”, “Қайрат, қорқынышың қуанышыңа ұлассын. Алла түрлі пәледен сақтасын!”, “Алдында әкеңіз “Балаларыма рөлді беруге қорқамын” деп айтып отыр еді. Жамандықты әке жүрегі сезген сыңайлы”, “Қайда жүрсеңіз де, аман жүріңізші” дейді желі қолданушылары.

Әншінің анасы да Қайраттың амандығын растады. “Қайраттың жағдайы жақсы. Мен қалай уайымдасам, сіздер де туған анасындай, туған әкесіндей, біреулеріңіз туған бауырындай дұға тілеп, уайымға салындыңыздар.Сіздерге Алланың нұры жаусын! Кеше осы жағдай орын алмай тұрып, əкесі де “Шымкентте мешітке барып садақа беріп, балаларымыздың амандығын тіледім” деп еді. Ол да болса, Алланың құлағына шалынғаны болар. Басыңнан іс өтпей тұрып, Алладан сұрау, садақа беріп тұруды ұмытпау керек екенін осындайда ой елегінен бір өткізіп аламыз ғой. Бүгін түркістандық жерлестеріміз тағатсыз күтуде екен. Алла қаласа, Қайроштарыңыз аман-есен бүгін сіздермен бірге болады, Күтіңіздер!” – дейді әншінің анасы.


Жіберіп алмаңыз:

Луина: Қазақ тілін үйреніп жүрмін. Мен ана тілімде сөйлегім келеді

Қазақстандық жұлдыздар өнердегі жемқорлық туралы айтып берді

Қызына Абайдың өлеңін үйретіп отырған Мейрамбек тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Ерке Есмахан тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар