Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас ең ізгі арманы жайлы айтты

Армансыз адам ормансыз құспен тең! Иә, сырт көзге мінсіз өмір сүретін эстрада жұлдыздарының да арманы көп. Тіпті, еліміздегі ең танымал хитмен Қайрат Нұртастың да Жаратқаннан сұрары бар, деп жазады Stan.kz.

Ең ізгі арманы жайлы Қайраттың өзі айтып берді.

“Біреулер мені армансыз адам деп ойлайтын шығар. Бұл дүние де пенденің арманы таусылған ба? Маңдайыма осындай бақты беріп қойған Аллама мың да бір шүкір. Кейде өзіме сан түрлі сұрақ қоятыным да рас… Таудың биік шыңына шыққаным,үлкен жетістікке жетіп, жұлдызымның жарқырағаны, ол – мына Сіздердің, Халықтың арқасы. Мұны ұмытуға xақым жоқ! Менің арманым- елім тыныш болып, әрбір қазақтың көз жасы тек қуаныштан болса екен! Аллам Сіздердің алдарыңызда абыройымнан айырмасын!” – деп бөлісті Қайрат Instagram парақшасында.

Желі оқырмандары Қайраттың қарапайымдылығына тәнті болды.

“Арманың орындалсын”, “Қарапайым болған сайын халық та сені жақсы көреді”, “Сен біздің халықтың ұлысың, нағыз Ұлы дала баласы екенсің. Арманыңа жет, жүзіңнен жылу шығып тұрады, сахнада да күліп тұрасың”, – деп пікір білдірді оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы: «Қазақ Аруы» биылдан бастап халықаралық байқауға айналады

Шетелден шетелге: Дубайдан келген Ерке Есмахан Мальдив аралдарына аттанып кетті (видео)

Аш болсаңдар көрер ем: Азамат Сатыбалды есірген жастарды сынға алды

Бибігүл Төлегенова тікелей эфирде сұхбат бере отырып жылап қалды (видео)

Талқылау