Қайрат Нұртас ауырып жатыр

Дүйсенбі, 22 Ақпан , 2016 11:13

“Жалғызымды жария еткім келмейді” деп өнерінен бөлек отбасылық өміріне халықтың қызығушылығын арттырған Қайрат Нұртас сырқаттанып жатыр.

000

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

27 жастағы әнші бір-екі жерінің сырқырағанына шағымданып жатыр. Аурудың алдын алуды ойласа керек, отандық емханалардың біріне қаралып та үлгерді.

“Ел аузында” бағдарламасында анасы “Кореяға, басқа жаққа ұсыныстар түсті. Бірақ өзімізде Қазақстандағы Астана қаласының емханасында емделіп, анализ тапсырып тексеріліп алайық деген ой болды” деп тек өнерде емес, емделуге келгенде де түрлі ұсыныс түскенін тілге тиек етті.

Емдік шараларын алып үлгерген әнші дәл қазір аман-сау. Денсаулығы туралы өзі “Денсаулық қазір жақсы. Барлық профилактиканы өтіп шықтым. Негізі емделмейтін едім” деп бұрын-соңды қатты сырқамайтынын жеткізді.

0

Әншінің көзден таса болып кеткенін көпшілік оның өнерден алыстағанымен байланыстырса керек. Көпшіліктің мұндай пікіріне анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекқызы да қарап қалмады. Өзінің инстаграмдағы парақшасында баласын мұқататындардың да, оны қатты жақсы көретін де жандардың бар екені туралы жазды.

“Көптеген тыңдарманы Қайратты өнер әлемінен кеткенін қаламайтынын айтуда. 20% жұртшылық мұқатып әлек, ал 80% халық Қайратсыз сахнаны елестете алмаймыз, сол сахнаның көркі кететіндей, сенсеңіз қимай жылап отырып жазып отырмыз деп жүрегімізді шымырлатқандар бар” деп баласына айтылар сөз бен жазылар пікірді жіті бақылайтынын танытты. Бұдан өзге жаңа бейнебаяны жарыққа шығып, жаңа әндерімен қуантатындығын айтты.

Қазіргі таңда Алматы қаласында ағылшын тілін оқып жүрген әнші Құманай Әбдірәліге сөзі жазылған “Бүгін сенің туған күнің” атты ән де дайындап үлгеріпті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Кайрат Нуртас нагыз енбеккор анши гой, тездетип жазылуын тилеймиз, ауырмасын

  • Жұмбақ жан says:

    Тезирек жазылып кетсин

  • жумбак жан says:

    Ауырма кайрат.Сени халкын колдайлы

  • Жұмбақ жан says:

    Алла шипасын берсин.Сауыгып кетты.

    • Жұмбақ жан says:

      Айналайын, ауыр ма ! Сен али буданда бииктерге швгасын

  • Салима says:

    Сауыгып кетиниз! Ауырманыз!

    • Жұмбақ жан says:

      Сауығып кетсін,әлі жас қой мундай талантты жастар керек..

  • Жұмбақ жан says:

    Жазылып кетуге шын журектен тілектеспін! Халықтың еркесі Қайрат!

  • Жұмбақ жан says:

    Ия Кайрат бауырым шыркай бер мукалма АЛЛАҺ туралыда коп айтсан жаксы болар еди
    :

  • Жұмбақ жан says:

    Бауырым тез сауғып кетуінді тілеймін

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар