Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас Алматыдан караоке клуб ашты

Қайрат Нұртас жаңа бизнесті қолға алды. Хитмен Алматы қаласының қақ ортасынан караоке клуб ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайрат Нұртас

Қуанышты хабармен Қайраттың өзі желіде бөлісті.

“Құрметті менің тыңдармандарым, жанашырларым! Ресми түрде мені құттықтасаңыздар болады! Кеше Алматы қаласында KN караоке клубы ашылды! Бұл бастаманы қолға алып, әрдайым қолдап жүретін Талғат ағама және Әсел жеңгеме үлкен алғысымды айтамын. “100 рет айтқанша, 1 рет көр” дегендей, КН караоке клубына барып, көңіл-күйді 100% көтеріп, жақсы демалып қайтатыныңызға мен кепілдік беремін! Берекелі бизнес болсын”, – деді ол.

Желі қолданушылары Қайраттың жаңа бастамасына сәттілік тіледі. Олардың көпшілігі караокеде уақыт өткізу бағасын сұраған.

“Басқа кафелердегідей бағасы аспанда болмайды деп үміттеміз”, “Қайрат, ол караокеге қарапайым адамдар, студенттер бара ала ма, қалтасы көтере ма, әлде басқа кафелер сияқты сыртынан қарап кете ме”, – деп қызықты тыңдармандар.

Хитмен әзірге елдің сұрағына жауап берген жоқ.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау