Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үшінші рет сатылымға шығарылған Қайрат Боранбаевтың бұрынғы қонақүйі 4 миллиард теңгеге сатылды

Үшінші рет өтікізілген аукцион қорытындысы бойынша Comfort Hotel Astana қонақүй кешені сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/fund_anticorr

Аукцион Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастамасымен қонақүйді сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер түрінде өтті. 



Қонақүйдің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарна 587,9 миллион теңге. Тендер шарты бойынша, тіпті жалғыз қатысушының өзіне сатуға рұқсат етілді. Нәтижесінде тендерді жеңіп алған қатысушы 3 920 000 000 теңгеге басқаруындағы қонақүй кешеніне ие болды.

Бұған дейін Боранбаевтың мемлекет меншігіне қайтарған Comfort қонақүйі екінші рет сатылымға шығарылғаны туралы жазған едік.

Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Қайрат Боранбаев құны 1,4 миллиард теңгеден асатын “Comfort Hotel Astana” қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өткізген еді. Кейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қонақүйдің елорда әкімдігінің меншігіне берілетінін мәлімдеді.

Талқылау