Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қай еңбегі үшін: Қоғам белсендісі Сивиді еліміздің еңбек ері атанған тұлғалармен салыстырды

Күні кеше Сиви Махмудидің мемлекеттік “Еңбек даңқы” төсбелгісіне ие болғанын хабарлаған едік. Аталған жайтқа қатысты халықтың пікірі оңды болмай шықты. Бірлі-екілі адамдар болмаса, халықтың көпшілігі еңбегі сіңіп үлгермеген Сивиге мемлекеттік медаль берілгеніне наразы, деп хабарлайды Stan.kz.

Қоғам белсендісі Айгүл Түркпенбаева медаль алған Сивидің “еңбегін” жіпке тізіп, оны елімізде еңбек ері атанған өзге тұлғалармен салыстырды. Назарларыңызға Айжан Түркпенбаеваның Facebook-тегі жазбасын ұсынамыз.

“Достар, таныс болыңыздар, бұл – Арғын Жүнісов, КазКСР мен Қазақстанның еңбек ері, аты аңызға айналған құрыш қорытушы маман. Ол 13 жыл бойы (оның ішінде Ұлы Отан соғысы кезінде) Қарағанды кен орнында жұмыс істеген. Ел арасында құрыш балқытуды 1,5 сағатқа кеміткен әрі бұл жұмысты сапалы атқарған маман ретінде танылған.

Ал екінші суретте Сиви Махмуди, ол кім? Оған “Еңбек даңқы” медалі не үшін берілді? Мен үшін түсініксіз.

Әнші, актриса әрі продюсер дейді. Бірақ қарапайым көрермен ретінде оны танымайды екем. Әндерін білмеймін, тойда оның әнін шырқамаймыз, концерттерден көрмейміз, киносы да есімде емес… Продюсер дейді?!

Гуглдың мәліметіне сүйенсек, өзі басты рөлді сомдаған фильмге продюсерлік етіпті. Мені қызықтырып тұрғаны, ол фильм табысты кинокартиналар қатарына қосылған ба әлде зал толы көрермен жинаған ба? Фильмге барған жандар болса, айта отырыңыздаршы. Бұл фильм қандай да бір марапатқа қол жеткізіп па еді? Немесе нағыз өнер майталмандарының аталған фильмге берген пікірі бар ма? Өз басым таппадым.

Бұл әйелге қарасам, бояуы тым көп сияқты, жасанды еріндері де көзге ерсі көрінеді. Негізі біздің шенеуніктер нағыз соқыр махаббатқа душар болған-ау, елі үшін ешқандай еңбегі сіңбеген адамдарға осындай марапат берсе… Ол таң атқаннан күн батқанға дейін әрі кептеліс кезінде қоғамдық көліктің рөлін басқарып отыр ма? Менің педиатр құрбым Әйнел Бажанова ұқсап демалыс көрмей, 2000 баланың денсаулығын бақылап отыр ма? Ал шын мәнінде оның жеке өмірге де, ұйқыға да, демалысқа да уақыты жоқ…

Бізде осы марапатқа лайықты қаншама мамандар бар? Мұнайшылар, мұғалімдер, жалақысы аз бірақ еңбегі ауыр, мойындаусыз қалған экологтар, альпинистер, қоғам қайраткерлері, суретшілер, расымен де талантты қаншама артистер бар…

…”Еңбек даңқы орденінің иегерлері “Қазақстанның еңбек ері” атағымен теңестіріледі екен. Бұған тек қана: “ӨЛЛЛЛЛЛЯЯЯЯЯЯ!!! Нағыз масқара ғой мынау”, – деп айта аламын”, – дейді қоғам белсендісі.

Бұдан өзге, жазба авторы салыстыру мақсатында Қазақстанның еңбек ері атанған тұлғаларды атап өтті. Олардың қатарында белгілі өнер қайраткері Айман Мұсақожаева, атақты жазушы әрі ақын Олжас Сүлейменов, абыз актер Асанәлі Әшімов пен қазақтың біртуар жазушысы Әбіш Кекілбаев бар.

Айта кетейік, “Еңбек даңқы” төсбелгісі өндіріс, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында жылдар бойы тер төгіп, елге еңбегі сіңген азаматтарға беріледі.

Жіберіп алмаңыз:

Шаншар” театрының танымал актері Жүсіп Ақшора қызын ұзатты (фото)

Еспанов болашақ келіні жайлы естігенде баласын үйленбеуге көндірген (фото)

Айдарбекова: Дауысым жоқ болса да сахнада талай ән айттым, Жұлдызда үйреніп кетеді

Танымал қазақ актері ұлы сал боп туған соң, әйелімен ажырасып кетті (фото)

Талқылау