Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпті трюкті орындамақшы болып билеген жігітті көлік қағып кетті (видео)

Танымал #InMyFeelings челленджін орындаймын деп би билеп тұрған америкалық Джейлен Норвуд есімді жігітті көлік қағып кетті.

Қауіпті трюкті орындамақшы болып билеген жігітті көлік қағып кетті (видео)

Қауіпті трюкті орындау барысында, көліктің астында қалған жігіт түсірілім кезіндегі видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялап, оқырмандарымен бөлісті деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Видеоның басында ер адам көліктен шығып, рэпер Дрейкиннің әніне билей бастайды. Бірнеше секундтан кейін ол шалынып құлап түседі. Ал, сол сәтте оны қарсы бағытта өтіп бара жатқан көлік абаясызда қағып кетті.

Видеороликті желідегі парақшасында жариялаған жігіт өзін кездейсоқ көліктің қақпағанын айтты. Норвудтың сөзінше, ол челленджді көлікке секіру арқылы аяқтағысы келген. Дегенмен, ол асфальттың су екенін ескермегендіктен, жоспары сәтсіз шығып құлап түсті. Бұл жағдайды көңілді қабылдаған жігіт ешқандай ауыр жарақат алмағанын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау