Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпті трюкті орындамақ болған сиқыршы өліп қала жаздады (видео)

Испанияда сиқыршы су астындағы қауіпті трюкті орындау кезінде есінен танып қалды.

Қауіпті трюкті орындамақ болған сиқыршы өліп қала жаздады (видео)

Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сиқыршы Педро Вольту қол-аяғын байлап, ішінде суы бар үлкен шыны сұйыққойманың ішіне кірген. Оның бетін жапқаннан кейін, сиқыршы байлаулы тұрған қол-аяғын өзі шешіп, босап шығуы тиіс.

Алайда сиқыршы қол-аяғын 2 минут бойы босата алмай, артынша есінен танып қалды. Артынша ол қимылдамай қалғаннан кейін, көмекшісі мен қойылым ұйымдастырушысы суқойманың бетін ашып, ер адамды судан шығарып алып, жедел жәрдем шақыртты. Оқиға орнына дәрігерлер келген кезде сиқыршы есін жиды. Десе де ол тексеруден өту үшін аурухана жеткізілді.

Вольтаның сөзінше, бұл жолы қолын байлап тұрған белбеуді шешу кезінде қиындықтар пайда болған. Нәтижесінде ол белбеуді шешкенімен, әдеттегіден көп уақыт пен оттегі жұмсалыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау