Әйел итімен бір күнде қатерлі ісікке шалдықты: олар ауруды бірге жеңді

Корнуоллалық Сара Пейдждің Фрейа атты сүйікті иті сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан. Жануар иесі итінің алты айдан ұзақ өмір сүрмейтінін естігелі, жабырқап қалды. Бірақ оның қайғысы осымен аяқталмады.

Біраз уақыттан кейін дәрігерлер әйелдің өзіне сол диагнозды қойды дейді Mirror. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

2014 жылдың ақпанында Сара итінің денесінің қатты қызарғанын байқады. Алаңдаған жануар иесі итін мал дәрігеріне апарғанда, олар айтарлықтай ештеңе жоқ деген. Біраз уақыттан соң ісік ұлғая бастаған. Сара дәрігерлерге ісікті алып тастауды және биопсия жүргізуді талап етті.

Алайда Фрейа сүт безіндегі қатерлі ісікке шалдыққан екен. Ауру сол кездің өзінде лимфа жүйесіне тарап кеткен. Дәрігерлердің айтуы бойынша, жануардың алты ай ғана өмірі қалған.

«Емдеу курстарын жүргізудің орнына, дәрігерлер итіңді үйіңе алып кет деді. Оның алты ай ғана өмірі қалды, соңғы күндерін тыныштықта өткізсін деп, емдегілері келмеді. Біз Фрейаны қатты жақсы көреміз»,-дейді жануар иесі.

Сара бірнеше айдан кейін итінің жағдайы жақсарады деп күтіп келді. Алайда, Фрейаға тағы бір ота жасалды. Ал, дәрігерлер итке қойған диагнозын қайталаумен болды. Сара кенеттен итінің өзгере бастағанын байқады. Фрейа үнемі иесінің кеудесіне екі қолын қойып қоятын болды. Әйел ұзақ уақыт бойы тексерілмегенін есіне түсіріп, маммограмма жасауға шешім қабылдады.

«Дәрігерлер менің сол жақ кеуде тұсымнан 35 мм ісік тапты. Итімнің жағдайынан кейін бұл диагнозды алу әділетсіз болды. Бұл жаңалық мені таң қалдырды»,-дейді Сара Пейдж.

Сараға бірнеше ота жасалып, химиялық емдеу курстарынан да өтті. Сондай-ақ сәулелік терапиядан да өтуге тура келді. Осы уақыт бойы оның жанында сүйікті иті болды. Ол тіпті ауруханаға келіп, үнемі иесінің жанынан шықпады.

«Менім шашым түсіп, өзімді нашар сезіндім. Бірақ Фрейа жанымнан бір елі шықпады.Ол маған күш-қуат берді»,-дейді Сара.

Қазір Сара итіне алғыс білдіруден шаршамайды. Итіне емдеу кезінде көрсеткен қолдауы үшін де, аурудың пайда болғаны туралы ескерту жасағаны үшін де алғыс білдіреді. Алайда, жануар әлі де қатерлі ісіктен айықпады. Ол белгісіз себептермен, әлі де өмір сүріп келеді.

«Фрейаның алты ай ғана өмірі қалды деген, бірақ одан кейін міне төрт жыл өтті. Ол ауруынан толық айықты»,-дейді қуанған Сара.

Жіберіп алмаңыз: 

Ан-148 ұшағы құлаған жерде түсірілген алғашқы видео пайда болды (видео) 

Мәскеу түбінде жолаушылар мінген ұшақ құлады 

Аязда үсті-басын қырау басқан оқушы аяқ астынан 450 мың долларға ие болды (видео) 

Дәретханада ұзақ отырған қытайлық ер адамның тік ішегі түсіп қалды 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар