Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдығып, өмірден үмітін үзген кейуана Димаштың даусын естіген соң жазылып кеткен (видео)

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбек әлемді ерекше даусымен баурап алған Димаш Құдайбергеннің егде жастағы фанаты туралы айтып берді. Тележүргізушінің сөзінше, Анита Рай Уорд есімді жаңа зеландиялық кейуана қатерлі ісікке шалдығып, өмірден үмітін үзген екен. Алайда Димаштың даусын естігеннен кейін таңғажайып оқиға орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген

«Жаңа Зеландияда тұрып жатқан қарт әжей соңғы кездері өмірден түңіліп кеткен еді. Аты жаман ауруға шалдыққалы өмірдің құны көк тиын болып кетті. Достары, туған-туыстарымен бұрынғыдай жарқылдап сөйлесуден қалды. Күнін санап отырады. “Бүгін ба менің жанымды алатын күн” деп сағатқа да қарауды ұмытпады.

Сөйтіп жүріп бір күні «ютуб» арнасынан Димаштың әнін тыңдап қалды. «О, Құдайым-ау, не деген дауыс?! Мына баланың таланты ерекше ғой. Жоқ, мен осы бала үшін өмір сүріп, Димашты қайтсем де көруім керек. Жолға дайындалайын» деп, бір күнде шешімге келді», – деп жазды Бибігүл Дәулетбек Instagram желісінде.

Осылайша, кейуана Қазақстан туралы біліп, Димаш Құдайбергеннің туған жері Ақтөбеге келмек болады. Алайда оның денсаулығында қиындықтар болған еді. Кейуана сүйікті әншісін көру үшін ынталанып, жүзуді қолға алған.

«Анита әжейдің бүйрегіндегі рак ауруы асқынып, соның салдарынан денесі ісіне бастайды. Толық болғаннан соң, ұшаққа отыра да алмайды. Содан тез арықтаудың жолын іздеп, жүзуді қолға алады. Әрине, бастапқыда оңай болмайды. Алайда, Димашқа деген әжейдің сүйіспеншілігі арманына жеткізу де осы жол екенін түсінеді. Сөйтіп бірер айдың ішінде жатпай-тұрмай жаттығудың арқасында Анита әжей семіздіктен арылып, Димашжанның кіндік қаны тамған жеріне жолға аттанады.

Осылайша сонау Жаңа Зеландиядан Қазақ еліне алпыстан асқан әжей, ұшақпен алты мемлекет арқылы қиналып жетеді. Бірден ұшып келуге де болатын еді. Алайда, денсаулығы жарамады. Осылайша әр мемлекетке тоқтаған сайын ем-домын алып отырды», – дейді журналист.

Сонымен қатар ол Анита Рай Уордтың Димаш Құдайбергеннің ата-анасының шаңырағына келіп, қонақ болған сәтінің видеосын жариялады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Бибігүл ДƏУЛЕТБЕКҚЫЗЫ (@bibiguldauletbek)

Бір қызығы, әншінің кіндік қаны тамған жерге келіп, арманына жеткен кейуана өз еліне жеткеннен кейін дертінен айыққанын білген.

« Димаштың туған жерін, әкесі мен анасын, әжесі мен атасын, туған-туысқандарын көрген әжей, еліне барғанында рак ауруының анализі жақсы болып шығады. Бұрынғыдай ауырмайды. «Бұл қалай болғаны?» – деп дәрігерлер де аң-таң», – дейді Дәулетбек.

Осылайша дертінен айыққан әжей қазақтың ұлына дән риза көрінеді. Ол Жаңа Зеландияда Димаштың фан-клубын ашып, жұмысқа кірісіп кеткен. Өмірімді өзгерткен Димашқа ырзамын, дейді кейуана.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау