Катарда некесіз жақындасқан шетелдік қыз бен жігіт қатаң жазаланды
Катар соты полицияға зорландым деп арызданған Лаура есімді голландық қызды шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан айыруға және 800 доллар айыппұл төлеуге шешім шығарды. Жергілікті заң бойынша бұл елде некесіз төсек қатынасына баруға тыйым салынады.

Бұған дейін өзін зорлады деп айыпталған қызды қамауға алғаны жөнінде хабарлаған едік.
Лаураның айтуынша, ол шетелдіктерге ішімдік ішуге рұқсат берілген қонақүйлердің біріне барып алкоголь тұтынған. Алайда, шарабына әлдебір заттың қосылғанын байқаған, ертесіне қонақүйдің өзге бөлмесінде жатқанын бір-ақ білген.
Ал, оны зорлады деп айыпталған жігітті кінәлі деп танып, оған некесіз болғаны үшін 100 дүре соғуға және ішімдік ішкені үшін 40 дүре соғуға шешім шығарған.
Катар Заңы шариғат заңына негізделіп жасалған. Әсіресе, отбасы мен адамның жеке басына қатысты мәселелер қатаң жазаланады.
Жіберіп алмаңыз:
Иранда сауық кешін ұйымдастырғаны үшін студенттерге 99 рет дүре соғуды ұйғарды
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды