Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана нөсер жаңбырға дайын емес
Сенаторлар Астанадағы нөсер жаңбырға қатысты шара қолдануды талап етеді.
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы нөсерден соң шұғыл түрде тиісті шаралар ұйымдастыруды талап етуде.
“Президент бұл мәселеге қатысты тапсырма берсе де, Астана әлі де нөсер жаңбырға, тосыннан келетін табиғи құбылыстарға дайын емес. Соның салдарынан тұрғындар зардап шегіп жатыр. Елорданың халықаралық абыройына нұқсан келі. Бұл мәселені бұған дейін шешу керек еді. Сенаторлар Астанадағы нөсер жаңбырға қатысты шара қолдануды талап етеді”, – деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер парақшасында.
Астананы су басып, тұрғындардың көшеде жаяу жүре алмай қалғаны хабарланып жатыр. Тіпті, кей тұрғындардың үрлемелі қайықпен жүзіп бара жатқанын көруге болады. Қоғамдық көлік іші де суға лық толған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.