Қаскүнемдер мектепке бара жатқан баланы таксиге отырғызып ұрлап кетті
Қырғызстанның Кант қаласында мектепке бара жатқан баланы әлдекімдер ұрлап кетті. Бұл сәт видеоға түсіп қалған.

Оқиға 11 сәуір күні таңертең болды. Бейнебақылау камерасынан такси көлігінде отырған адамдардың баланы күштеп көлікке отырғызғаны анық байқалады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Бала мектепке сабаққа бара жатқан. Оның қарсыласқанына қарамастан, қасгөйлер күштеп көлікке мінгізді.
Куәгерлер бұл көріністен шошынып, қаша бастайды. Такси көлігі жөнімен кете барды.
Белгілі болғандай қасгөйлер 2007 жылы туған Данил есімді оқушыны ұрлады. Іс "Адам ұрлау" бабы бойынша тіркелді.
Полиция Данил Браилкиннің қайда екенін білетін жандардан хабар беруін сұрайды.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"